Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан ауруханадан тыс пневмонияны коронавирус деп санауға көшті

Жарияланған күні:

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі ауруханадан тыс пневмонияны (пневмонияға ауруханаға жетпей тұрып шалдығу) COVID-19 ауруына теңестіретін бұйрық шығарды. Бұл туралы 16 шілдедегі брифингте елдің вице-премьері Аида Смаилова мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаттықа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: akipress.kg
Көрнекі фото: akipress.kg: Depositphotos

Смаилованың сөзінше жақын арада денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 жөніндегі ұлттық клиникалық нұсқаулықтың үшінші нұсқасын шығарған.

"[Нұсқаулық] стационарлық және амбулаториялық көмек көрсету үшін науқастарды коронавирус инфекциясынан, оның асқынған жағдайларынан, соның ішінде ауруханадан тыс пневмониядан емдеу алгоритмінен тұрады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аурулардың халықаралық жіктемесінде COVID-19 зертханалық талдау арқылы анықталатын U.07.1 кодына да, зертханада нақтыланбайтын, бірақ клиникалық белгілері немесе рентген арқылы көрінетін U.07.2 кодына да жатады. Денсаулық сақтау министрлігі ауруханадан тыс пневмонияны U.07.2 кодына жатқызатын бұйрық шығарды. Осылайша ауруханадан тыс пневмонияның статистикалық жағдайлары COVID-19 болып саналады", - дейді Аида Смаилова.

Азаттық мәліметінше, коронавирус эпидемиясы басталғалы Қырғызстанда коронавирустан ресми 167 адам, пневмониядан 612 адам көз жұмған. Дәрігерлердің айтуынша, пневмонияға шалдығу жағдайларының 95 пайызында аурудың қоздырушысы COVID-19 болып отыр. Осы уақытқа дейін билік COVID-19 науқастары мен пневмония науқастарын бөлек санап келген.

Қырғызстан белгілері коронавирустікіне ұқсайтын, бірақ тест нәтижесі теріс шыққан пневмония жағдайлары күрт көбейген екі елдің бірі. Дәл осындай жағдай Қазақстанда да байқалып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова Қазақстанның халықаралық ұйымдармен пневмония індетін COVID-19 статистикасына енгізу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан еді.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі "коронавирустық емес" пневмонияның қоздырғышын анықтау үшін еліміздің бірнеше аймағында тексеру жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865294-kyrgyzstan-auruhanadan-tys-pnevmoniany-koronavirus-dep-sanauga-ksti/