Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Педофилді қуып, 13-қабаттан секірген алматылық полицей марапатталды

Жарияланған күні:

Алматы қаласында қылмыскерді ұстау кезінде тұрғын үйдің он үшінші қабатынан секірген полиция қызметкері Бақытжан Бакиров медальмен марапатталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz: UGC

Еске сала кетсек, осыған дейін Алматыда үй тонап, кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлады деп күдіктелген ер азамат құқық қорғау органдары қызметкерлерінен қашу кезінде 13-қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз.

Кейінірек 36 жастағы полиция майоры Бақытжан Бакировтың да қылмыскер ұстау үшін адам сенгісіз жағдайға барғаны анықталды. Тәртіп сақшысы да күдіктінің артынан жоғары қабаттан секірген екен.

Бакиров осы әрекеті үшін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Медальді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов табыстады.

"Бүгін біздің әріптесіміз Бақытжан Бакиров ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың құқықтары бойынша “Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды. Осы мақсатпен біз оның үйіне барып, денсаулығын біліп, тезірек сауығып кетуін тіледік. Осындай жанқиярлық қызметтің мысалдарын қолдана отырып, біз полиция қызметкерлерінің жас ұрпақтарына тәлім береміз және шын жүректен азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауда нағыз кәсіби іс-әрекеттерді қалай жүзеге асыратынын нақты көрсетеміз. Майор Бакіровқа ризашылығымды білдіремін. Осындай лайықты ұлды тәрбиелеп өсірген ата-анасына ерекше алғыс айтамын", - деді Таймерденов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865981-pedofildi-kuyp-13-kabattan-sekirgen-almatylyk-policej-marapattaldy/