Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не деген оңбағанбыз": Дина Төлепберген Көбейтұзға зиян келтіргендерге шүйлікті

Жарияланған күні:

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген Көбейтұздың арқасында пайда көрмек болып, ерекше қызғылт түсті көлге күрделі зардап тигізгендерді сынап тастады. Ақпарат өкілі еліміздің әсем жерлерінің бірі халықтың кесірінен енді шұрық тесік, батпаққа айналып бара жатқанына күйінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dina_tolepbergen.
Фото: Instagram/dina_tolepbergen.: Twitter

Дина Төлепберген ел тамсанар Көбейтұздың бүгінгі күйі туралы жанайқайын Instagram парақшасында жеткізді. Ол ерекше көлдің тұзын сатып, оған көлігімен кіріп кеткен отандастарына шүйлікті.

"Не деген оңбағанбыз?! Беті теп-тегіс, айдыны айнадай жарқыраған, суы тізеден ғана келетін, ал қызғылт түсті Көбейтұз енді шұрық тесік, батпаққа айналып барады. Неге бұлай? Карантин жарияланып, шетелге саяхаттау мүмкіндігінінен айырылған соң, ішкі саяхатқа назар аудара бастағанымыз рас.

Бұл экономикалық тұрғыдан елге пайдалы болуы тиіс. Алайда туған жерді аралау жабайы сипат алды. Ел көлдің тұзын қаптарға толтырып, базарда келісін 5 мың теңгеге сата бастады. Көлге көлігімен кіріп кеткен вандалға не дейміз?

Ескерту: Ғалымдардың әзірге ешқайсысы бұл көлде зерттеу жүргізбеген. Оның тұзы мен батпағының коронавирус және басқа да дерттерге шипа, денсаулыққа пайдалы екенін дәлелдемеген. Ал су түсінің қызғылтқа боялуы ондағы «тұзды дуналиелла» (Dunaliella salina) деп аталатын бір жасушалы балдырдың ыстықта көбеюімен байланысты.

Ең сорақысы, жаппай тоналған тұздың осы түрінің жұқа қабатының қайта түзілуі үшін кем дегенде 15 жыл керек" , - деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін коронавирусты емдейді деген желеумен Көбейтұз көлінің тұзы келісі 5 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы хабарлама желіде пайда болғаны жайлы жазған едік.

Сонымен қатар Татьяна есімді желі қолданушысы Көбейтұз көліне келушілердің тұзды шелектеп алып кетіп жатқанын айтып, дабыл қаққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866085-ne-degen-obaganbyz-dina-tlepbergen-kbejtzga-zian-keltirgenderge-sjlikti/