Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Жанпейісов бас бостандығынан айырылды

Жарияланған күні:

Руслан Жанпейісов атымен танымал болған блогер Бейбарыс Райымбеков сот үкімімен 1 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото белсендінің Instagram парақшасынан алынды
Фото белсендінің Instagram парақшасынан алынды: Depositphotos

Руслан Жанпейісовке (құжаттағы аты-жөні Бейбарыс Райымбеков) қатысты сот үкімі бүгін, яғни​ 30 шілде күні шықты. Блогерге қатысты іс Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотында қаралған.

Танымал қоғам белсендісі жәбірленуші азаматқа орта дәрежеде дене жарақтын салғаны, қоғамдық орында полиция қызметкерін жұрттың көзінше балағаттап, бейнежазбаны желіде жариялағаны үшін сот алдына келген.

Сот отырысы барысында Жанпейісов аэрозольді бұрышпен толтырылған тапанша түріндегі аэрозольді құрылғыны пайдалану арқылы жәбірленушінің көз аймағынан атып, салдарынан оның екі көзін химиялық күйік шалып, көру қабілетінің төмендегені анықталған.

Сот барысында белсенді кісіге қасақана дене жарақатын салғанын мойындамаған.

"Жаза тағайындауда сот сотталушының бұрын да бірнеше рет заң алдында жауапкершілікке тартылғанын, бірақ одан нәтиже шығармағанын ескерді. Жәбірленушілердің де сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын беру туралы пікірі ескерусіз қалмады.
Бейбарыс Райымбековтың кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденді", - дейді Шымкент қаласы сотының баспасөз қызметі.

Жоғарыда аталған барлық жағдайларды ескере отырып, сот блогерді Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-ші бөлігі мен 378-бабының 2-ші бөлігіне сәйкес кінәлі деп танып, 1 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарған.

Сондай-ақ әл-Фараби аудандық соты жәбірленушілердің талап арызын қанағаттандырып, Руслан Жанпейісовті жәбірленушіге 400 000 теңге, жәбірленуші полицейге 150 000 теңге моральдық шығын төлеуді міндеттеген.

Айта кету керек, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін әл-Фараби аудандық соты карантинге байланысты бір айлық үзілістен кейін Руслан Жанпейісовтің ісін қайта қарауды бастағаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867439-belgili-bloger-ruslan-zanpejisov-bas-bostandygynan-ajyryldy/