Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаулық белсенділер бас полицейдің қызметтен кетуін талап етуде

Опубликовано:

Ақтаулық белсенділер облыстың бас полицейі мен санитар дәрігерінің қызметінен кетуін талап етіп жатыр. Оған жүздеген қала тұрғыны қатысқан облыстың бұрынғы полиция бастығының анасын жерлеу рәсімі себеп болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Ақтауда ағайынды Әбләзімовтердің анасының жерлеуінен кейін полиция басшысының қызметінен кетуін талап етуде
Фото: Видеодағы кадр: UGC

Қатаң карантин режиміне қарамастан, жерлеу рәсіміне жүздеген азамат жиналған.

Тәртіп сақшылары жұртшылықты таратпағанымен қоймай, олар үшін көлік жолын жауып тастаған. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырды. Әлеуметтік желіде қолданушылар бір-біріне көптеген адам қатысқан жерлеу рәсімінің видеосын "Оларға болады, бізге болмайды" деген пікірмен таратты.

Полиция бөлімінің қазіргі басшысының сөзі де отқа май құйғандай болды. Бір күн бұрын ол қала тұрғындарына той мен еске алуға тыйым салынғанын айтып, ережені қатаң сақтауға шақырған болатын.

"Маңғыстау облысының полиция бастығы мен бас санитар дәрігері жұмыстан босатылуы керек. Бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеу жүргізілуі қажет. Бұл адамдардың барлығына әкімшілік айыппұл салынып, туыстарына көңіл айта отырып, қызмет пен ұйымдастырушыларға тәртіптік жаза қолданылуы керек деп білемін, хаттама толтырылып, барлық қарапайым азаматтар сияқты бұларға да айыппұл салынуы керек", – деді қоғам қайраткері Мұхтар Үмбетов.

Ақтауда ағайынды Әбләзімовтердің анасы қайтыс болғаны белгілі. Ағайындылардың бірі – Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, Ішкі істер министрлігінің генерал-майоры. Екінші – Forbes нұсқасы бойынша елдің ең ықпалды елу кәсіпкерінің тізіміне кіреді.

"Бибіжамал Әбләзімованің жерлеу рәсіміне байланысты адамдардың жиналу фактісі бойынша туыстарына қатысты әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді",– деп хабарлады аймақтың полиция департаменті.

Еске салсақ, қайтыс болған дінтанушы ұстаз Әбдіғаппар Смановтың да жаназасына жүздеген адам қатысқан еді. Сарыағаш жұртшылығы карантинге қарамастан елге сыйлы азаматты ақтық сапарға шығарып салуға барған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867987-aktaulyk-belsendiler-bas-policejdi-kyzmetten-ketuin-talap-etude/

pixel