Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кавасаки синдромы: Нұр-Сұлтанда жеті балаға диагноз қойылды

Жарияланған күні:

Дәрігер1
Көрнекі фото: piqsels.com

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы жеті балаға Кавасаки синдромы диагнозы қойылғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

"Астана – адалдық аласы" жобасының тікелей эфиріне қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Тимур Мұратов жеті балаға Кавасаки синдромы диагнозы қойылғанын айтты.

"Әңгіме Кавасаки синдромы туралы емес, Кавасакиге ұқсас синдром туралы болып жатыр. Бұл балалардағы коронавирустық инфекцияның асимптоматикалық курсынан зардап шеккеннен кейін пайда болатын қабыну процесі. Бүгінгі таңда қаламыздағы үш балалар ауруханасында жеті бала бар. Олардың екеуінде COVID-19 расталды, антиденелер бар", – деді Тимур Мұратов.

Ал қалған бес балада коронавирус инфекциясына қатысты тексерістер нәтиже көрсеткен жоқ. Олар өздерін жақсы сезінеді.

Осы жағдайға байланысты Нұр-Сұлтанда профессорлар мен дәрігерлерден тұратын арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар бұл ауруды зерттеумен айналысады.

Айта кетейік, балалардағы Кавасаки синдромының белгілері аяқтың ісінуі, көздің қызаруы, диарея, құсу сияқты жағдайлармен байланысты болып келеді.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов бұған дейін елде коронавирус індеті басталғалы бері 3 науқас балаға сирек кездесетін Кавасаки синдромы диагнозы қойылғанын айтты. Мұндай жағдайлар Петропавлда, Алматыда және Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Оған қоса, Қазақстанда балалар арасында қауіпті синдром тарап жатқанына байланысты ата-аналар нені білуі керек екені жайлы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869457-kavasaki-sindromy-nr-sltanda-zeti-balaga-diagnoz-kojyldy/