Төсек қатынасы туралы ыңғайсыз сұрақ қойған ене келіннің ашуын келтірді

Опубликовано:

Келін мен ене
Көрнекі фото: dailymail.co.uk

Ұлыбританияда аяғы ауыр келіншек төсек қатынасы туралы ыңғайсыз сұрақтар қоятын енесіне ренжулі. Ол енесінің мұндай сұрақ қоюы қаншалықты орынды деген сұрақты көпшіліктің талқысына салды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Daily Mail басылымының мәліметіне сәйкес, Mumsnet атты аналар қауымына арналған сайтқа жазба қалдырған келіншек, отбасындағы ыңғайсыз жағдайды жазып, мұңын шаққан.

Ол енесін түіне алмай жүргенін айтып, көпшіліктен кеңес сұрады. Айтуынша, енесі одан соңғы рет қашан төсек қатынасына түскенін қайта-қайта сұрай береді екен. Мұндай ыңғайсыз сұраққа қалай жауап берерін білмеген келіншек енесіне ренжулі жүрген көрінеді.

"Таңым бар, бұл өте ыңғайсыз сұрақ. Мен оған мұндай сұрақ қойғаны дұрыс емес екенін аңдататын едім", "Бұл мәселеге енеңнің қызығушылық танытқаны біртүрлі екен", "Маған ондай сұрақты қайталап қоюшы болмаңыз деп ашығынан айту керек", "Өз балаларыма мұндай сұрақ қою миыма кіріп-шықпас еді", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Десе де келіншектің енесін жақтағандар да табылды. Олардың пікірінше, енесі осылайша келінінің денсаулығына алаңдаушылық білдіруде.

"Сіздің аяғыңыз ауыр болғандықтан, енеңіз осындай сұрақ қойған болуы мүмкін", "Бәлкім ол сізге осы сұрақпен тезірек босанудың амалын айтқысы келген шығар. Десе де сұрақ қоймай, басқаша ойын жеткізсе болатын еді", - деп жазды өзге желі қолданушылары.

Келіншек не істерін білмей, енесінің қоңырауларына жауап беруін қойыпты. Десе де енесі оған сұрағын хабарлама арқылы жіберген. Хабарламаны келіншектің күйеуі көріп қалып, анасына өзі қоңырау шалыпты. Ол анасының бұл әрекеті оған ұнамайтынын ашық айтқан екен.

Еске салсақ, бұған дейін 67 жастағы әжей 20 жастағы жігіттермен төсек қатынасына түсетінін айтып мақтанғаны көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын.

Одан бөлек не себепті жапониялық ерлі-зайыптылардың дені төсекте бөлек жатқанды жөн көретіні туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871372-tsek-katynasy-turaly-ygajsyz-srak-kojgan-ene-kelinni-asuyn-keltirdi/

jitsu gif