Алматы облысында ер адам сот залынан шыға сала тағы 4 қылмыс жасаған

Опубликовано:

Қылмыскер
Фото: polisia.kz

Алматы облысы Ескелді ауданының полицейлері төрт ұрлық дерегін ашып, үкімі заңды күшіне енбей қалған айыпталуышыны ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2 қыркүйекте Қарабұлақ ауылының екі тұрғыны үйлерінде төрт ұрлық дерегінің орын алғаны туралы Ескелді аудандық полиция бөліміне арызданған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Басшылық ұрланған мүлікті тауып, кінәлі азаматты ұстауды учаскелік инспектор полиция лейтенанты Гаан Евгенийға тапсырған. Жас полицей қажетті ақпараттарды тез жинап, бір тәулік ішінде барлық төрт ұрлық дерегін ашты.

Күдіктінің 47 жастағы жергілікті тұрғын және жәбірленушілердің жақын туысы екені анықталды.

Сонымен қатар, 14 күн бұрын бөтеннің мүлкін үш рет ұрлағаны үшін ұсталған азаматқа қатысты Ескелді аудандық сотының үкімі шыққаны белгілі болды. Сот оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

Алайда сот залынан шыққан ол тағы да ұрлық жасаған.

Ұсынылған дәлелдерден кейін күдікті төрт ұрлық дерегін толығымен мойындаған және ұрланған мүлікті қайда және кімге сатқанын көрсеткен.

Қазіргі уақытта, ұсталған азаматқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулік қамауда болған ер адамның қайтадан мас күйінде көлікке отырып, полицияға ұсталғанын жазған едік.

Сонымен қатар Ақтөбеде жарты сағатта үш адамды тонаған күдіктіні полиция тұтқындағанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872602-almaty-oblysynda-er-adam-sot-zalynan-syga-sala-tagy-4-kylmys-zasagan/

jitsu gif