Зейнетақы жинағынан ақша алу бойынша еңбек министрлігі толық мәлімет берді

Опубликовано:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері қазақстандықтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуына қатысты мәселені түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Министрліктің мәліметінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін 2021 жылдан бастап алуға болады. Ол ақшаны тұрғын үйге қатысты мәселелерге немесе ем алуға жұмсауға болады.

Зейнетақы1
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Осы сомадан қалғанын олар көрсетілген қажеттіліктерге қалауы бойынша жұмсай алады.

Зейнетақы1
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Еске салсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкіметтің онлайн-брифингінде 2021 жылы қазақстандықтардың қайсысы зейнетақы жинағынан ақша ала алатынын айтқан еді.

Зейнетақы жинағын шеше алатын екінші санаттағы азаматтарға зейнеткерлер жатады. Министрліктің хабарлауынша, зейнет жасына жеткен азаматтар БЖЗҚ-дан жинағының 50%-ын шеше алады.

Оған қоса, министр зейнетақы жинағындағы "жеткіліктік шегіне" қатысты түсініктеме берген болатын.

Сонымен қатар, баспанасы бар тұрғындардың зейнетақы жинағын басқа тұрғын үй алуға пайдалана алатыны белгілі болды. Белгілі болғандай, бұл бағытта ешқандай шектеулер болмайды, яғни халыққа ақшаны тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану мүмкіндігі беріледі.

Егер бір бөлмелі пәтердің орнына екі бөлмелі пәтер алуға шешім қабылданса, онда БЖЗҚ-дан ақшаны шешуге немесе қосымша төлеммен пәтерді айырбастауға рұқсат беріледі.

Президент жолдауы барысында мемлекет басшысы 700 мыңдай қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алуға, оқуға немесе денсаулығы үшін пайдалана алатынын айтқан еді. Кейінірек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 700 мыңға кімдердің кіргенін айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872632-zejnetaky-zinagynan-aksa-alu-bojynsa-ebek-ministrligi-tolyk-mlimet-berdi/

jitsu gif