Сенат төрағасы зорлық жасаған қылмыскерлер жазасыз қалмайтынын жеткізді

Опубликовано:

Мәулен Әшімбаев
Фото: Хабар 24» телеарнасының бейнежазбасынан скриншот

«Хабар 24» телеарнасына берген сұхбат барысында журналист зорлық сипаттағы қылмыс және әлеуметтік желідегі жарияланымдар үшін қолданылатын жазаларға назар аударып, facebook-тегі негатив жазба үшін жаза әлдеқайда ауыр болуы мүмкін екеніне қатысты сауал қойды. Мәулен Әшімбаев «Жала жабу» бабы қылмыс қатарынан шығарылғаны туралы айтты.

«Президентіміздің тапсырмасы бойынша Қазақстанда жала жабу қылмыс қатарынан шығарылды. Қылмыстық Кодекстің 130-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік әкімшілік жауапкершілікке ауыстырылды. Соған сәйкес, қазіргі таңда жала жабу бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылмайды. Біз бұл бапты либералды қалыпқа келтірдік. Сондықтан, әлеуметтік желі қолданушылары кез-келген мәселеге қатысты сыни пікірін жеткізе береді. Оған ешқандай тыйым жоқ», – деді Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Сенат Төрағасы ұлтаралық араздық тудыратын және экстремистік бағыттағы жарияланымдар үшін заң бойынша жазаға тартылатынын айтты. Жалпы, бүгінде әлеуметтік желіде сын да көп кездеседі, ашық түрде хайп жасайтындар да, популизммен айналысатындар да жетеді. Осы ретте Мәулен Әшімбаев жазбалардың басым бөлігі фактчекингсіз жарияланатынын да атап өтті. Сондай-ақ, Сенат Төрағасы зорлық-зомбылық сипатындағы қылмысқа қатысты сөз қозғады. Бұл жайында Мәулен Әшімбаев зорлық жасағандардың ешқайсысы жазадан құтылмайтынын және қазір тараптардың келісімге келу мүмкіндігі жоқ екенін айтты.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың былтырғы Жолдауында берген тапсырмасы бойынша Парламент зорлыққа қатысты, оның ішінде балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлыққа қатысты жазаны қатаңдату туралы тиісті заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бүгінде зорлық жасаған және балаларға сексуалдық сипатта зорлық көрсеткен қылмыскерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылады», – деді Сенат Төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872682-senat-tragasy-zorlyk-zasagan-kylmyskerler-zazasyz-kalmajtynyn-zetkizdi/

jitsu gif