Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Би-би-си" тілшілері Қазақстандағы Үстірт табиғатына таңдай қақты

Опубликовано:

устирт45
Фото: gettyimages.com

Қазақстандағы әйгілі Үстірт туралы Би-би-Си мақала шығарды. Репортерлер Үстірттің табиғатына тамсанып, тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Үстірт шоқысы Каспий мен Арал теңіздерінің арасында көтеріліп, Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстанды бойлай созылып жатыр.

Үстірттің жалпы аумағы 200 мың шаршы шақырым болады. Бұл Ұлыбритания мен Шотландияның аумағымен бірдей.

Мұнда жылына 13 см жауын жауады. Ауа температурасы экстремалды, 40°C и -40°C арасында.

Үстірт қорығы 1984 жылы құрылған. Ол Лондоннан 1,5 есе көп және бұл жерде 300 түрлі өсімдіктер мен жануарлар мекен етеді. Мұнда жабайы қабандар, Брандта кірпішешені, мәрмәр күзен кездеседі. Сондай-ақ Үстіртте жалғыз парсы барысы бар. Ол алғаш рет 2018 жылы байқалған. Сонымен бірге Қазақстанда тіркелген үш барыстың біреуі.

21 миллион жыл бұрын Үстірт Тетис теңізінің бір бөлігі болған. Кезінде осы құрғақ ландшафтта жүзген акула тістерінің, аммонит қабықшаларының, белемниттің және басқа да көптеген тастанды теңіз организмдерінің қалдықтары ақ тұзды беткейлерде кездеседі.

Еске сала кетсек, Экология министрі Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" мен "Шарын" ұлттық паркінің басшыларына сөгіс жарияланғанын мәлімдеді. Туристердің шағымынан кейін олардың жұмысы тексерілген.

Министр Мағзұм Мырзағалиев елімізде жануарларды қорғау туралы жеке заң қабылдау қажеттілігін айтты. Оның пікірінше, жануарларға қорлық көрсетілгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872963-bi-bi-si-tilsileri-kazakstandagy-stirt-tabigatyna-tadaj-kakty/

pixel