Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түрмеден кем емес": 16 жыл құлдықта болған алматылық келіншек жанайқайын жеткізді

Жарияланған күні:

Фото
Фото: pexels.com

16 жыл еңбек құлдығында болдым деген 34 жастағы әйел әділдік іздейді. Бота Сүлейменова Алматы облысының Жаркент қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленіпті. Өзінің сөзінше, оған қаршадай кезінде "ақыл есі кем" деген жалған диагноз қойылған. Сөйтіп, сол кездегі интернат директоры түрлі қара жұмыстарға жеккен көрінеді. Әркімнің босағасын жағалап жүргенде зейнетақысын рұқсатсыз жаратып кеткендер де болыпты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

"Алғашқыда Үштөбе қаласындағы балалар үйінде тұрдым. Психология-медицина-педагогикалық консультация кезінде менен "Ұшақ пен тікұшақтың айырмашалығы қандай?" деп сұрады. Ол кезде 4-ші сыныпта оқимын. Жауабын білсем де, ұялып, айтқым келмеді. Осыны пайдаланып, "ақыл-есі кем" деген анықтама қағазы берілді", - деді ол.

Осы сияқты тексерістер алдында балалар үйіндегі тәрбиешілер "өзіңді жынды етіп көрсетсең, зейнетақың көп болады" деп үгіттеген екен.

"Ал керісінше сау адам екеніңді дәлелдеуге тырыссаң, сөзіңді кес-кестеп есі ауысқан етіп көрсетуден де тайынбады" дейді Бота.

"Мүгедектер мен қарттар үйіне жаңа басшы келген сайын басқа адамдардың қамқорында жүргендердің барлығы қайтадан мекемеге жиналатын. Мені де қайтарып алды. Біра, бұрынғы үйде ары қарай тұра бергім келетінін айтсам да, жаңа басшы рұқсат бермей қойды. Қарсылық көрсеткен мені директор тор бөлмеге қамап ұстады. Ол қараңғы бөлмеде өткізген 6 ай мен үшін ең қорқынышты уақыт болды. Түрмеден кем емес", - деді әйел адам.

Оның айтуынша, мүгедектер үйінің директоры жетімдерді өзінің жекебас мүддесіне пайдаланған. Сонымен қатар, тамыр-таныстарына жегіп бергенін жасырған жоқ.

Бота бала бағудан бастап, көмір тасып, от жағып, қара жұмыстың қайбір түрін талғамай істей бергенін жеткізді. Ол еңбек бағаланбағанын, мазақ қылғандай кейде 200 теңге ұсынатын сәтті есіне алды.

Әйелдің айтуынша, соңғы қамқоршысы тіпті шотындағы зейнетақысын оңды-солды жұмсаған.

Бұны  "Қорғау" қоғамдық қорының құқық қорғаушысы Әлия Әбденова растап отыр..

"Ботаның ісі бойынша алда сот ісі жүреді. Бұрынғы қамқоршысы Ләззат Ботаға ай сайын 50 мың теңге төледім деп отыр. Құқық қорғаушылар ол ақпараттың рас-өтірігін анықтауда. Жалған болған жағдайда 3 жылдағы жалақысын және осы уақыт бойы жұмсаған 600 мыңға жуық зейнетақы мөлшерін талап етпекпіз. Ләззат Ботаның зейнетақысына қымбат іш киімдер алып, көлігіне жанармай құйып тұрған", - деді адвокат.

Ботаның "тағдырында" Жаркенттегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қазіргі директорының да есімі қоса аталған.

Оның сөзінше, Бота өз асыраушысынан ақша талап етуге құқылы емес екен.

"Сол үйдің мүшесі, сол үйдің тіршілігіне бірге араласады. Жұмыс істейді. Бірақ енді тиын-тебенін оның ешқашан таршылық көрмеген. Мен енді ақымақ емеспін ғой.  Мен одан ақша алып, келісіп, ол мүмкін емес нәрсе ғой. Бұл қызға көмектескім келді. Басқа менде 320 адам бар. Анаған-мынаған таратпаймын ғой адамдарды. Ондай құқық та жоқ. Мына қызға адам болады деп мен сендім", - дейді "Мейірім" Жаркент арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығыны" директоры Амантай Раев.

Қазіргі уақытта мәселенің жай-жапсарын полиция қызметкерлері анықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873612-trmeden-kem-emes-16-zyl-kldykta-bolgan-almatylyk-kelinsek-zanajkajyn-zetkizdi/