Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Жарияланған күні:
10 қыркүйекте 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оларды Астанадан Атырауға арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері ұстаған. Істің егжей-тегжейі әлі хабарланған жоқ деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.
Айта кетейік, келесі жылдың басынан бастап Қазақстанда ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібі өзгереді – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Құқық қорғау қызметі туралы" заңға түзетулер күшіне енеді.
Ведомствоның мәліметінше, жаңа жылдан бастап ішкі істер органдарына қатардағы, кіші және орта басшы құрамның лауазымдарына алғашқы кәсіптік даярлық арқылы іріктеу ережелері жеңілдетіледі.
Енді құқық қорғау органдары қатарына қабылдануға ниет білдірушілер конкурстан өтпейді, сондай-ақ сынақ мерзімі болмайды. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өткендердің конкурсқа қатыспайтыны белгілі болды. Осылайша, аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына үміткерлерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Олар кем дегенде бір ай тағылымдамадан өтуі тиіс. Содан соң үміткерлер сынақ мерзімінен өтетін болады. Тек басшылық лауазымдарға тағайындалған тұлғалар ғана сынақ мерзімінен өтпейді. Құқық қорғау органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамына үміткерлер алғашқы кәсіптік даярлықтан өту арқылы іріктеледі. Кәсіптік даярлық бір ай бойы өтеді, оған қатысқан үміткерлерде сынақ мерзімі болмайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873686-atyrau-oblysy-kimini-birinsi-orynbasary-para-aldy-degen-kdikpen-staldy/