Алматы облысында құны 1 млн теңге жалған 5 мыңдық сатылды (видео)
Жарияланған күні:
32 жастағы Алматы тұрғыны құны 1 миллион теңгеден асатын жалған банкноттарды сатқаны үшін сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметінше, Алматы облысы бойынша экономикалық даму департаменті қызметкерлерінің өндірісінде 32 жастағы алматылыққа қатысты қылмыстық іс болған.
Аймақта бір адам жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын 5000 теңгелік жалған банкноттарды сатқаны анықталды. Тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа жіберілді.
Үкімге сәйкес, айыпталушы кінәлі деп танылып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 1,2 млн теңгені құрайтын жалған банкноттар анықталғаны туралы жазған едік.
Елімізде 2020 жылдың жеті айында жалпы сомасы 1,2 миллион теңгені құрайтын 381 жалған банкнотасы анықталған. Сонымен қатар, аталған кезеңде жалған монеталарды шығару фактілері тіркелмегені белгілі болды.
Банк өкілі жалған ақша белгілерінің саны 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 46,9%-ға төмендеген (өткен жылғы көрсеткіш – 718 банкнот және 6 монета).
Оған қоса, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің екінші тергеу басқармасының басшысы елордада жалған ақша жасаған азаматтың құрықталғанын мәлімдеген еді. Ол өз үйінде бес және он мыңдық қағаз ақшаларды дайындаған.
Ол бес және 10 мыңдық қағаз ақшалармен базарларға, дүкендерге барып, сауда жасауға тырысқан. Осылайша, ол бір айда 150 мың теңге жасаған, кейіннен бұл қаржыны жедел қызметкерлер тәркіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873764-almaty-oblysynda-kny-1-mln-tege-zalgan-5-mydyk-satyldy-video/