Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі хайп үшін": Қара қатын Қолтықшаш өзі туралы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Қара қатын Қолтықшаш
Фото: Видеодан кадр

Тик-ток әлеуметтік желісі арқылы "қара қатын Қолтықшаш" лақап атымен танылған блогер өзіне қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Ол ессіз трендттерді хайп үшін түсіргенін ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анықталғандай, "қара қатын Қолтықшаштың" шынайы өмірдегі аты Гүлнәр болып шықты. Жасы 32-де, бір баласы бар. Блогер келіншек перзентін бір өзі асырап отыр.

"Жалғызбасты анамын. Еш жерде оқымағанмын. Видеоларымның көбісі хайп үшін түсірілген. Бірақ, жағдайым шынайы. Бар мақсатым - оқырман санын арттыру болды. Мен тик-ток түсіргенде мені бүкіл әлемде таниды деп ойлаған жоқпын.

Қарапайым әдемі болып түссең, ешкім саған жазылмайды. Елге де ерекше таңғалатындай стиль керек. Образды ешкімнен ұрлап алған жоқпыз. Оны оператор бала екеуміз ойлап таптық. Түсіре бастаған соң подписчигім көбейе бастағаннан кейін қызығып та кеттім.

Елдер хайп реклама жасап беруімді сұрай бастады. Ол деген жақсы таюыс көзі. Жағдайым нашар, басымда несиелерім бар. Ата-анамның да жағдайы мәз емес" , - деп ағынан жарылды Гүлнәр.

Тик-ток жұлдызы бар-жоғы екі айдың ішінде өзіне 120 мың оқырман жинап үлгерген. Ал оның Instagram желісіндегі жеке парақшасына бір айда ғана жеті мыңнан аса адам жазылған.

"Қара қатын Қолтықшаш" өзіне қатысты желіде тарап жатқан қауесеттері де теріске шығарды. Ол өзінің бай отбасыдан шықпағанын жеткізді.

"Астарлы ақиқат" бағдарламасында ол өзі туралы бар шындықты ақтарып, әкесі мен ағасы неге анасынан бөлек тұратынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878044-bri-hajp-sin-kara-katyn-koltyksas-zi-turaly-bar-syndykty-ajtty/