Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жын басып кеткен": Қара қатын Қолтықшаш әкесі жайлы жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Қара қатын Қолтықшаш әкесімен
Фото: Видеодан кадр

Ғаламтор кеңістігіне "қара қатын Қолтықшаш" ретінде танылған Гүлнәр Түлекова алғаш рет көпшілікке отбасы туралы бар шындықты айтты. Тараздық блогер келіншек бұған дейін еш жерде айтылмаған мәліметтермен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Астарлы ақиқат" бағдарламасына арнайы сұхбат берген Гүлнәр барынша ашылып, отбасы туралы жан сырын ақтарды.

Белгілі болғандай, оның жанұясында бес бала бар. Алайда, ата-анасы бірнеше жылдан бері бір-бірінен бөлек тұрып жатыр.

Блогердің сөзінше, әкесі 38 жыл бұрын психикалық ауруға шалдығып, әлі онымен күресуде. Өзінің ауытқуына байланысты ер адам әйелімен түсінісіп тұра алмаған. Сол себепті, бүгінде көпбалалы ана қос қызымен бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр.

"Әкем ауырады, арқасы бар. Мүгедектіктің екінші тобында тіркелген. Ол бүгінде туған ағаммен бірге тұрады. Ағам үйленбей, соған қарап жүр. Әкемді жын басып кеткен. Ол отыз жасынан бері ауырады. Бір ай үйде, бір ай ауруханада жатады. Соған қараймын деп ағамның да жүйкесі тозып кетті. Екеуі біздің істеген тамағымызды да, үй жинағанымызды да жақтырмайды.
Бөлек тұрғысы келді. Ағам бұрын ондай емес еді. Әкеме қарап жүргелі өзгеріп кетті, анамыздан қашқақтайды. Айына бір рет олар дүкеннен қарызға азық-түлік алады. Оны анам зейнетақысынан төлеп тұрады. Бар тапқанымыз соларды асыраумен кетіп жатыр десем болады" , - деді Гүлнәр Түлекова.

Оған қоса, желі жұлдызы өзінің жеке өміріне қатысты пікір білдірді. Ол жолдасымен жүктілігінің үш айлығында айырылысып кеткенін айтты. Содан бері ер адам не оны, не баласын іздеп келмеген.

Айта кетейік, бұған дейін қара қатын Қолтықшаштың өзі жайлы айтқан шындығы туралы жазған болатынбыз. Ол желідегі видеоларды не үшін түсіретінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878108-zyn-basyp-ketken-kara-katyn-koltyksas-kesi-zajly-zan-syryn-aktardy/