Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдерге ер адамды ұстап қалуға кеңес берген "Бірінші арнаның жүргізушісі" сынға қалды

Жарияланған күні:

Роза
Фото: riafan.ru

Әйелдерге екінші жартысын ұстап қалудың әдіс-тәсілдерін айтқан "Бірінші арнаның жүргізушісі" Роза Сябитова желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік оның кеңестерін ерсі көріп, сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Twitter әлеуметтік желісінің қолданушылары "Бірінші арнаның" "Давай поженимся!" бағдарламасының жүргізушісі Роза Сябитова тұрмысқа шыққысы келетін әйелдерге берген кеңесі үшін желідегілерден сөз естіді.

Пікірталас Мария Туранова деген лақап аты бар қолданушының жазбасынан басталған.

Ол YouTube-те "Миллионердің демалысы" арнасында жоба жүргізушісімен сұхбаттан үзінді жариялаған.

"Сүйіктіңізді қалай ұстап қалуға болады" деген тақырып барысында Сябитова әйел адам некеге тұрғанда ант бергендіктен, оны орындау керек екенін, жұбайының барлық іс-әрекетіне төзіп, опасыздықты да кешіруге міндетті екенін айтқан.

Ол сондай-ақ, әйел адам ерінің көңілінен шықпағанда ғана ер азаматтың опасыздық жасайтынын алға тартқан.

"Қанағаттанбаған соң, көзге шөп салады. Сол үшін кешке тамақтандырып, басым ауырды дегенді айтпа", - дейді Сябитова.

Тележүргізушінің мәлімдемесі желі қолданушыларының ашуына тиген.

"Менің ойымша, Роза Сябитоваға мұндай көзқараспен ешқашан федералды арнадан шықпау керек", - деп жазды Туранова.

Желі қолданушылары онымен толықтай келіскен. Десе де, арасында тележүргізушінің сөзін құптағандар да табылған.

"Мұнда тұрған не бар?", "Ерсі ештеңе көріп тұрғаным жоқ", - деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін белгілі журналист Мақсат Толықбай сегіз жылдың ішінде 27 миллион теңгесінен айырылып қалғанын, алаяқтарға қалай жем болғанын айтып берген еді.

Сонымен қатар мысырлық тележүргізуші Лобна Асальдің тікелей эфирде маймылдың шабуылына тап болғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878379-birinsi-arnany-zrgizusisi-jelderge-er-adamdy-stap-kaluga-kees-bergeni-sin-synga-alyndy/