Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

TURAN суы мектеп оқушыларының үлгерімін арттыруға қалай әсер етеді: Үш лайфхак

Жарияланған күні:

Тұран суы1
Фото: AsiaWaters

Сіз мектептегі үлгерімге тек баланың қабілеттері ғана емес, сыртқы факторлар да әсер ететінін білесіз бе? Біз жаңа жағдайдағы оқу жылын максималды түрде тиімді өткізуге арналған кеңестер мен факторлардың жиынтығын әзірледік.

TURAN табиғи суының бөтелкесі.

Бұл барлығымыз үшін таңсық естілуі мүмкін, бірақ баланың үлгерімі тікелей суға байланысты. Әр түрлі жастағы оқушылардың қатысуымен жүргізілген көптеген зерттеулер (USA: Booth, Taylor, & Edmonds, 2012; China: The National Natural Science Foundation of China, 2018) балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда (көрнекі есте сақтау, сандарды қабылдау, шоғырлану қабілеті) су үлкен рөл атқаратынын дәлелдеді. Зерттеу нәтижелері 250-300 мл суды тұтыну балалардың бақылау жұмыстарын орындау кезінде үлгерімін жақсартатынына сенімді дәлелдер келтірді. Әсіресе, күйзеліс уақытында ағзаны судың қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету керек. Соның арқасында ми жақсы жұмыс істейді, зер салу қабілеті артады, сондай-ақ бала ақпаратты қабылдауға әзір тұрады. Сәйкесінше, оқушының үлгерімі де жоғарылайды.

Су сапасының өзіндік маңызы бар. Мәселен, сүзгілермен тазартылған ағын судың орташа мөлшері шөлді басады, бірақ бала ағзасын оқу кезінде қажет барлық минералдармен және макроэлементтермен қанықтырмайды. Барлық аналарға ең үздік таңдау TURAN табиғи суы екені белгілі. Бұл жеңіл су табиғи минералдарға толы. Ол қосымша балаларды маусымдық аурулардан, ЖРВИ мен аллегриядан сақтайды.

TURAN өндірілетін кен орны - әлемдегі табиғи жеңіл судың бес көзінің бірі (!). TURAN- Қазақстанда осмостау процедурасын өтпеген бірегей табиғи ауыз суы.

Оның құрамында табиғи түрде магний, кальций, йод және натрий бар. Дейтерийдің (сутектің ауыр молекулаларының) төмен болуы есебінен TURAN суы ағымдағы жағдайда ата-аналар ғана емес, балалар да сезінетін стресті төмендетіп қана қоймай, көңіл-күйді көтереді.

Қорытынды: Дұрыс су режимін жасау үшін табиғи су әрдайым қолда болу керек. TURAN бөтелкесін жатын бөлмеге қойып қойыңыз. Ұйқы алдында және ұйқыдан тұрған соң азғантай мөлшердегі су ішудің пайдалы екенін барлық сала дәрігерлері бірнеше рет дәлелдеді. TURAN суын балаңыздың үстеліне қойыңыз – уақыт өте оның үлгерімінде ғана емес, көңіл-күйінде де өзгерістер байқайсыз.

Тұран суы бала2
Фото: AsiaWaters

Пайдалы таңғы ас.

Ғалымдар таңғы асты тойып ішу өнімділікті, ал балаларда, тіпті, үлгерімді арттыратынын растады. Таңертеңнен бастап тойымды болып жүру ми жұмысын жақсартады. Ал таңғы асқа не беру керек? Бұл сұраққа ғалымдардың барлығы бірдей күрделі көмірсулар деп жауап береді. Ендеше, ойға бірден ботқа оралады. Жоқ, бұл тек геркулес пен қарақұмық емес. Булгур, квинка, арпа немесе жүгері сынды дәнді дақылдармен тәжірибе жасаңыз, балаңыздың талғамына қарай таңдасаңыз,тіпті, керемет.

Таңғы асты кез келген пайдалы маусымдық жеміспен аяқтауға болады. Бұл баланың ағзасын ми мен талшықты ынталандыру үшін, ас қорытуды жақсарту үшін қажетті глюкозамен қамтамасыз етеді.

Жан-жағыңызға қамқор болыңыз.

Тағы бір қызықты факті – балалардың түстерді қабылдауы. Мұны баланың өмірлік кеңестігін әрлегенде назарға алған абзал. Мүмкін, сіздер балалардың жарқын түстерді жақсы көретінін, ал ересектердің көзіне ұнамсыз көрінетінін байқаған шығарсыздар. Балалар, тіпті, күңгірт түрлерді де теріс эмоцияға ұқсатпайды. Таңғаларлығы, ашық көк түс оларда үрей туындатады. Бала бөлмесін әрлеуге нағыз сәйкес түс – жасыл. Егер бөлмені бұл түстермен әрлеуге мүмкіндік болмаса, табиғи өсімдіктермен толтырған дұрыс. Бұл жалпы микроклимат сияқты ақпаратты қабылдау мүмкіндігін де жақсартады.

Өмір сапасын өзгерту жөніндегі кеңестер қарапайым көрінеді. Алайда, бұл кеңестерге құлақ түріп, табандылық танытып, әлсіздікке жол бермеу әркімнің қолынан келе бермейді. Уақытылы ұйықтап, таза ауада көп жүру, пайдалы әрі дұрыс тағам таңдауды өз әдетіңізге айналдырыңыз, сонда сіз жаңа өзгерістерге шабыт аласыз. Себебі, балаларымыздың денсаулығы мен әл-ауқасты тек бізге байланысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878399-turan-suy-mektep-okusylaryny-lgerimin-arttyruga-kalaj-ser-etedi-s-lajfhak/