Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы 92 адамнан коронавирус анықталды

Жарияланған күні:

Дәрігер1
Көрнекі фото: Robert Alsburg / COPE

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 92 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Сoronavirus2020 ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстанда өткен тәулікте 92 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген ресми хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 8

Алматы қаласы - 10

Шымкент қаласы - 2

Ақмола облысы - 4

Ақтөбе облысы - 1

Алматы облысы - 4

Атырау облысы - 8

Шығыс Қазақстан облысы - 19

Жамбыл облысы - 1

Батыс Қазақстан облысы - 2

Қарағанды облысы - 5

Қостанай облысы - 3

Маңғыстау облысы - 3

Павлодар облысы - 7

Солтүстік Қазақстан облысы - 9

Түркістан облысы - 6

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 108 454-ке жетіп отыр.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президенттің қатысуымен өткен коронавирустың екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте елімізде локдаунның қашан енгізілуі мүмкін екенін айтты. Ол бірнеше сценарийді атады.

Сондай-ақ, кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі әуежайлар мен теміржол вокзалдарында қатаң эпидемиологиялық бақылауды қайта енгізуді, сондай-ақ мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.

Мемлекет басшысы кеңес барысында көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап бара жатқанын еске салды.

Айта кеткен жөн, президент кеңес барысында коронавирустың екінші толқынына емханалары мен ауруханаларының дайындығы нашар облыстарды атап, жіберілген кемшіліктерді дереу түзетуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878447-kazakstanda-tagy-92-adam-koronavirus-zktyrdy/