Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус жұқтырған оқушылардың саны артуда

Жарияланған күні:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде коронавирус жұқтырған оқушылардың саны артуда. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов ресми деректерді келтірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дерт жұқтырған оқушылар саны бойынша Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары көш бастап отыр.

Бағдат Қоджахметовтің жария еткен мәліметтеріне сәйкес, 2 сәуір - 7 қазан аралығында елімізде 2551 баладан коронавирус анықталған.

5 қазандағы жағдай бойынша 138 оқушының ауру жұқтыру жағдайы тіркелген. Олардың 52-сі кезекші сыныптарда вирус жұқтырса, 86-сы қашықтықтан білім алып жүрген.

Тағы бір инфекция жұқтыру жағдайы интернат-мектепте тіркеліп отыр. Бүгінде коронавирус жұқтыруы мүмкін барлық адамдар анықталып, 14 күндік карантинге алынған.

7 қазан күнгі жағдай бойынша 1 айдан бастап 18 жасқа дейінгі 74 бала коронавируспен ауыруда. Олардың 10-ы, яғни 14,3 пайызы емханаға жатқызылған. Ал үй карантиніне 60-ы, яғни шамамен 86 пайызы жіберілген.

32 балада коронавирус ауру белгілерінсіз өтуде. Тағы 31-і дерттің жеңіл түрімен ауырып жатыр. Ал жетеуі орташа ауыр жағдайда. Бір балада бактериялық пневмония тіркелсе, тағы біреуінде вирустық пневмония диагнозы COVID-19-дың асқыну түрі ретінде қойылып отыр.

Барлығы 46 оқушы мен балалар бақшасындағы кезекші топта болған үш бала бақылауға алынған. Министрлік өкілі көпшілікке қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанда тағы 92 адамнан коронавирус анықталғанын хабарлаған едік.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президенттің қатысуымен өткен коронавирустың екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте елімізде локдаунның қашан енгізілуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878451-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-okusylardy-sany-artuda/