Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Армениялық нөмірі бар автокөлік иелері Арменияның қарулы күштеріне шақырылады

Жарияланған күні:

Армениялық нөмірі бар автокөлік иелері Арменияның қарулы күштеріне шақырылады
Көрнекі фото: auto.vesti.ru

Арменияның сыртқы істер министрлігі көлігі армян нөмірлерімен тіркелген ресейлік жүргізушілерді Арменияның қарулы күштерінің қатарында көргісі келетіндігін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Kolibri.press-ке сілтеме жасап.

"Көптеген жыл бойы қаншама ресейлік жүргізуші көліктерінің нөмірінде Армения туын қолданып, Ресеймен салыстырғанда мөлшері төмен көлік салығы мен кедендік баж салығының арқасында пайда көрген. Енді, Армения үшін осынау қиын сәтте, елге қарызды қайтаратын кез келді",– деді Ресейдегі Армения елшісі Рафик Асагян.

Дипломат егер жүргізушілер Арменияның қарулы күштеріне шақырылса, мемлекеттік жол қауіпсіздігі инспекциясы ресейліктерге тиесілі армян нөмірлері бар көліктерге деген екі жақты көзқарас мәселесін шеше алады деп түсіндірді.

"Біз жүргізушілердің ант беруімен қатар, оларға Армения азаматтығын береміз деп сенеміз. Бұл жағдайда әскери науқан аяқталғаннан кейін Ресейдің жол полициясы жүргізушілерге ешқандай талап қоя алмайды, өйткені Армения азаматтары Ресей аумағында армян нөмірлері бар көліктермен жүруге құқылы", – деді елші.

Армян нөмірлері бар автокөлік жүргізушілерін әскерге шақыру пункттерін Мәскеуде, Краснодарда, Дондағы Ростовта, Сочиде және Симферопольде ашу жоспарлануда.

Еске салсақ, Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Осыдан кейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878465-armenialyk-nmiri-bar-avtoklik-ieleri-armeniany-karuly-ksterine-sakyrylady/