Алматы жолдарында пайда болған қызық жолақ нені білдіреді (фото)
Жарияланған күні:
Алматы жолдарында жаңадан ерекше белгілер пайда болды. Белгілі болғандай, бұл жолақтар ақпараттық сипатта сызылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы қалалық мобильдік басқармасының Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Басқарманың мәліметінше, Алматы кей көшелеріндегі жол қызыл түспен ерекшеленген. Бұл жұмыс қалалық полиция департаментімен бірігіп жүзеге асырылған.
Басқарма бұл жолақ нені білдіретінін түсіндірді.
"Жұмыс жүргізушілердің назарын қауіпті жол учаскелеріне аудару мақсатында жүргізілді", – дейді Алматы қалалық мобильдік басқармасынан.
Қызыл-ала жолақтар әл-Фараби даңғылында, сондай-ақ Сырғабеков, Водозаборная, Желтоқсан, Бұқтырма көшелерінде таңбаланған.
Басқарма берген ақпаратқа сүйенсек, бұл белгілер ақпараттық сипатта қолданылады.
Айта кетейік, Алматы полициясы бұған дейін шаһарда бұрылыстарға арналған қосымша бөлігі бар бағдаршамдар көбейетінін хабарлаған еді. Бұған себеп көше қиылыстарында, әсіресе бұрылыс кезінде апаттың жиі болуы екен.
Оған қоса, алматылық көлік жүргізушілерді мегаполистің жолдарында пайда болған жаңа камералар таңғалдыр болатын. Полиция олардың қандай камералар екенін және нені түсіретінін түсіндірген еді.
Айта кеткен жөн, Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінде бір бағытты қозғалыс енгізілетіні туралы жазған болатынбыз. Нақтырақ айтсақ, Бауыржан Момышұлы даңғылы бойында Жұмабаев көшесінен бастап Аманат көшесіне дейінгі аралық бір бағытты етілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878508-almaty-zoldarynda-pajda-bolgan-kyzyk-zolak-neni-bildiredi-foto/