Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелді жүкті ету үшін ер адамдар қандай тамақ ішуі керек

Жарияланған күні:

Төсек қатынасы
Көрнекі фото: Ernur.kz

Еркектердің генетикалық материалы, яғни, шауһаты болашақ сәбидің дені сау болуында алатын орны маңызды. Ал шауһаттың мөлшерін 80-10%-ға дейін көбейтетін азық-түліктер қатары да бар. Тіпті, арнайы диетаны ұсынады репродуктологтар деп жазады KAZ.NUR.KZ Ernur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қашаннан бастау керек?

Еркек ағзасында сперматозоидтар тұрақты түрде пайда болып, дамып жетіледі. Олардың өсіп-жетілуі үшін 72 күн қажет. Егер осы уақыт аралығында оған қажетті заттар ағзада болмаса немесе жетіспесе, онда шауһаттың сапасы төмендейді. Яғни, аналық ұрықты ұрықтандыруға шамасы келмей қалуы мүмкін. Сондықтан, үйленіп немесе бала сүюге дайындалып жүрген еркек өзінің тамақтану ережесі мен оның құрамын өзгертуді "бала жасайтын" уақыттан 12 апта бұрын бастауы керек.

Алкогольдің әсері

Спиртті ішімдіктер жыныстық жасушалардың бөлінуіне қалай әсер етеді? Біріншіден, алкогольді сусындар ағзада тестостеронның (сперматогенез гормоны) пайда болуын 5 күнге тежейді. Екіншіден, спиртті ішімдіктер тікелей сперматозоидтарға әсер етеді. Тіпті, күн сайын емес, бір ғана рет ішкен спиртті ішімдіктің өзі шауһат сапасын екі есеге төмендетіп жібереді.

Не жеу керек?

Дені сау сәби сүйгісі келетін еркектердің тамақ құрамында фолий қышқылы, йод, мырыш, темір және микроэлементтерге бай азық-түліктер болуы тиіс. Күн сайын көкөніс пен жемістен екі данадан жеп тұрғаны жөн. Тіпті, арнайы диета ұстансаңыз да болады.

Ал шауһат құрамын жақсартатын азық-түліктерге мыналар кіреді:

Ет: оны дайындаудың тәсілі өзгереді. Пешке немесе буға пісіргенде, еттің құрамындағы пайдалы заттар көбірек сақталады.

Нан: жоғары сапалы бидай ұнынан жабылғаны дұрыс.

Картоп: ол да буға немесе пешке пісуі керек.

Балғын жеміс: күн сайын жеу қажет.

Тамақ құрамына осы азық-түліктер кіретін болса, сперматозоид мөлшері екі есеге артады. Сонымен қатар, сұйықтықты көп ішу де шауһат сапасын арттыра түседі. Ал кофені мүмкін болғанынша, ішпеген дұрыс.

Қандай дәрумендер керек?

Ер адамның ағзасында шауһаттың жүйелі түрде бөлінуіне түрлі гормондар, ферменттер мен дәрумендер және микроэлементтерсіз жұмыс істей алмайтын макроэргиялық комплекстер де «қызмет етеді».

Олардың денін төмендегілер құрайды:

Мырыш – тәуліктегі мөлшері 12-15 мг-нан азайып кетсе, сапалы сперматозоидтар саны кемиді;

Фолий қышқылы – дені сау сперматозоидтардың санын арттырып, белсіздікті емдеуде қолданылады;

Е дәрумені (токоферол) – жыныстық жасушалардың белсенділігі мен өмір сүру уақытын ұзартады;

L-карнитин – «дұрыс емес» жыныстық жасушалармен күреседі, шауһаттың мөлшерін арттырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878605-18-jeldi-zkti-etu-sin-erkek-kandaj-tamak-isui-kerek/