Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраудағы түнгі клубта карантинге қарамастан 100 шақты адам көңіл көтерген

Жарияланған күні:

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ

Атырауда тыйым салынғанына қарамастан түнгі клуб жұмыс істеп келген. Полиция қызметкерлері ойын-сауық орнында көңіл көтергендерді анықтады. Енді мекеме иесі жауапкершілікке тартылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, түнгі клуб Авангардтың екінші шағын ауданында жұмыс істеген. Әкімшілік құқық бузушылар түнгі сағат бірлер шамасында анықталды. Полиция қызметкерлері келген уақытта мұнда 100-ге жуық адамдар болған.

Қаланың дәл осы ықшамауданынан карантинге бағынбаған тағы бір кафе "табылған", онда 00.00-ден кейін 10-ға жуық қонақ дастарқан басында көңіл көтеріпті.

Қызметкерлер екі мекеменің иелеріне қатысты материалдар жинап, оларды санитарлық дәрігерлерге тапсырды. Енді тиісті ведомство процессуалдық шешім қабылдауы керек.

Еске сала кетсек, Өскеменде тексерушілер той өткізіп жатқан мейрамхананы анықтағанын жаздық.

Алайда олар бір қонақтың жағдайы нашарлап, жедел жәрдем келгенше ішке кіре алмапты. Осы сәтте даяшылар дастарханды жинап үлгерген. 30 шақты адам есіктен шығып, басқалары терезеден секіріп кеткен.

Жалпы, елімізде карантинге байланысты той тойлауға рұқсат берілмесе де, қазақстандықтар көпшіліктің басын қосып, жиын өткізулерін қояр емес. Тіпті олардың қатарында лауазымды шешеуніктер де бар.

Мәселен, Маңғыстау облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлібекова көпшілікпен бірге туған күнін атап өткені хабарланған еді.

Кейінірек, Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкері - энергетика басқармасының бас маманы Жанболат Жақыповтың да тойда жүрген видеосы тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878635-atyraudagy-tngi-klubta-karantinge-karamastan-100-sakty-adam-kil-ktergen/