Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде СОБР сарбаздары мейрамханада отырған жұртты таратып жіберді

Жарияланған күні:

Мейрамханадағы арнайы жасақ сарбазы
Видеодан кадр: Ақтөбе облысы ПД

Қазақстандықтар карантин режимін бұзып, той жасауын тоқтатар емес. Ақтөбедегі мейрамханада өткен кезекті жиын бұған дәлел бола алады деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның айтуынша, 13 қазанда полицейлер Жұбанов көшесінде шектеу шараларын бұзып, жұмыс істеп тұрған мейрамхананы анықтаған.

Осыдан соң ғимаратқа жедел тергеу тобы, патрульді полиция қызметкерлері мен Арнайы жедел әрекет ету бөлімінің сарбаздары келген.

Зал мен кабиналарда демалып отырған келушілер ғимараттан тез арада кетіп қалған.

Мейрамхананың әкімшілігіне қатысты материалдар жиналып, ол әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық дәрігерлерге жіберілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Таразда карантинге қарамастан жасырын той жасайтындар тыйылмай тұрғанын жазған едік.

Мәселен бақылау тобы тексеріс кезінде бір күннің өзінде бірнеше салтанатты шараның үстінен түскен. Көп жағдайда мейрамханалардың ішіне кіру мүмкін болмайды екен.

Сонымен қатар Қарағандыда мобильді топ карантин уақытында той жасағандарды анықтаған болатын. Тыйымға қарамастан, жанұялық салтанатты кешке жүзге жуық адам жиналған.

Айта кетсек, Түркістан облысы мен Шымкентте де рейд жүрген еді. Аймақ бойынша бір тәулік ішінде, 236 отбасылық мереке анықталған.

Мобилді топтар, шілденің 5 мен қазанның 10 аралығында 30 мыңға жуық нысанды аралап, 4 мыңға жуық ереже бұзушылықты анықтаған. Оларға аймақ бойынша 150 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879563-aktbede-sobr-sarbazdary-mejramhanada-otyrgan-zrtty-taratyp-ziberdi/