Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ынтымақтастық

Жарияланған күні:

Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық, оның мазмұны мен қорғаныс ауқымындағы халықаралық қатынастардың басқа да аспектілері туралы жаңа шартқа қол қою қажеттілігі жөнінде саясаткер Асқар НҰРШАНЫҢ ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас ҚҰСАЙЫНОВПЕН сұқбаты.

– Олжас Сағындықұлы, департаментіңіздің қызметі жөнінде айта кетсеңіз.

– Қысқаша айтсам: біз Қазақстанның басқа елдермен халықаралық әскери ынтымақтастығын, оның ішінде халықаралық ұйымдар арасындағы дамыту және іске асыру мәселелеріне жауап береміз. Барлық халықаралық байланыстар біздің департамент арқылы жүзеге асырылады.

– Демек, Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволары арасындағы халықаралық шарт жобасын әзірлеуге қатысты мәселелер сіздің құзыретіңізде ме?

– Ия, осы жұмысты үйлестірудеміз.

– Бұрынғы 1994 жылы бекітілген шарт қолданыста болған болса, неге осындай жаңа шартқа қол қою қажеттілігі туындады? Бұрынғы одақтас мемлекеттер арасында шиеленістер мен қарулы қақтығыстар туындаған жерлер бар. Қазірдің өзінде осыған байланысты қосымша міндеттемелерді Қазақстанның қабылдауы туралы айтылуда.

– Бірден айта кетейін: жаңа шарт бірден қабылданбайтыны анық. Бұл жоспарлы жұмыс. Бұл шартты қабылдауымыздың таулы Қарабах маңындағы қақтығыстарға, Беларусь және Украина елдеріндегі шиеленістерге ешқандай да қатысы жоқ.

Шынында да, 1994 жылы екі ел ведомствосы арасында шарт бекітіліп, ол ұзартылған болатын. Дегенмен, екі жақты халықаралық құқықтық база жасалған мониторинг көптеген келісімдердің, оның ішінде әскери ынтымақтастық туралы шарт ережелерінің өзекті емес екенін көрсетті.

Бұрынғы шарттағы іс-шаралардың жартысы іске асырылған. Сондықтан ресей тарапымен келіссөзден кейін 2018 жылы біз ескірген нормаларды алып тастау және жаңа шарт жобасын жасау жөніндегі жұмысқа кірісіп кеттік.

– Шартта аймақтық жауапкершілік шеңбері туралы өте маңызды сәт айтылған ба?

– Қандай да бір күмәнді сейілтуге болады. Жауапкершілік шеңбері екі мемлекет аумағымен шектеледі: Қазақстан мен Ресей.

Қарулы Күштерді шетелге жіберу мен пайдалану мәселесі – бұл Қазақстан Республикасының өз құқығы мен құзыреті. Конституция бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау туралы халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қарулы Күштерді пайдалану және қолдану туралы шешімді Жоғарғы Бас Қолбасшы – ҚР Президентінің ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды.

Құжатта «шарт қандай да бір мемлекетке қарсы бағытталмаған және олар қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан алынған тараптардың, құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді» деп нақты айтылған.

– Бұл шартта қосымша құжаттарды қабылдау қарастырылған ба?

– Шарт ережесін дамытуда үшжылдық кезеңге әскери ауқымда стратегиялық серіктестік бағдарламасы жасалынады. Онда қорғаныс шеңберінде екіжақты іс-шараларды жүзеге асырудың міндеттері, бағыттары, тәртібі мен нысандар ы, яғни біздің өзара іс-қимылымыздың іс жүзіндегі аспектілері белгіленетін болады.

Бағдарлама тараптардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бірлескен қорғаныс әлеуетін арттыруға және қарулы күштер арасындағы сенімге, әскери ауқымда екіжақты қатынастарды дамытуға бағытталған. Демек, ол біз ұмтылатын бағыттарды айқындайды.

Қосымша аталған бағдарламаны іске асыру жөнінде нақты іс-шаралар жоспары қабылданатын болады. Ол әскерлердің жауынгерлік, жедел даярлықтары шеңберіне және сарапшылар мен кеңес берушілердің кездесулеріне қатысты. Біздің ынтымақтастығымыздың бір нысаны болғандықтан ведомстволар басшылығы арасында кеңес беру түрінде тараптардың қорғаныс саясатын үйлестіруді ойластырады.

Сондай-ақ біздің арамызда сынақ полигондары бойынша, өзара қауіпсіздік мүддесінде бірлесіп жоспарлау және әскерлерді қолдану мәселелері бойынша, әскери құралымдардың мәртебесі бойынша және басқа да жеке халықаралық шарттар бар.

– Ресейді Қазақстан аумағында кейбір әскери объектілерді пайдаланудан бас тартқаны және полигондарды жалға алуды тоқтатқаны немен байланысты екенін айта отырсаңыз?

– Қарулы Күштердің қорғаныс жүйесін дамыту – тұрақты және үздік жүретін үдеріс. Қорғаныс ауқымындағы нақты шеңберлер де өзгертуді қажет етеді. Мысалы, Ресей өзінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінде өз аймағына заманауи радиолокациялық станциялар орналастырды. Сол себептен, Балқаш торабын пайдаланудан бас тартып отыр. Бұл қалыпты жағдай.

– Солай десек те, қоғамда бұл мәселе бойынша екі жақты көзқарас байқалады: біреулері ресейлік әскери объектілердің көп болуы егемендігімізге нұқсан келтіреді десе, ал басқалары Ресейдің Қазақстан аумағындағы объектілерінен бас тарту біздің қауіпсіздігіміздің әлсіреуіне, бақылау сапасының төмендеуіне әкеп соғады деуде.

– Шарт жобасында бір-біріміздің қауіпсіздігімізге нұқсан келтіруге іс-әрекет жасамаймыз, керісінше оны нығайту үшін өзара қарым-қатынас жасаймыз. Сондықтан, Қазақстанның, оның ішінде әскери қауіпсіздігіне нұқсан келтіру туралы осындай өзгерістерге байланысты артық сөз айту орынсыз.

– Жобада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде әскерлерді қолдануды бірлесіп жоспарлау жөнінде айтылған. Бұл қаншалықты маңызды және бұның артында қандай міндеттемелер бар?

– Бізде 2004 жылы қол қойылған бірлескен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде бірлесіп әскерлерді қолдануды жоспарлау туралы ратифицияланған келісім бар.

Аталған келісім әскерлерді пайдалануды бірлесіп жоспарлау, оларды жасау тәртібі, салдары мен оларды іс-қимылдан шығару мерзімдері жөніндегі құжаттар тізілімін тараптардың келісуі қарастырылуда. Осы бағытта әскерлерді, барлауды және қаруды басқару жүйесімен бірлесуін қамтамасыз ету жөнінде келісілген жұмыстар жүргізілуде.

Бұл әскерлерді қайта топтауды қамтамасыз ететін жағдайды құру, шоғырландыру мен коалициялық топтарды әскери қолдану, сондай-ақ халықты және маңызды объектілерді қорғау мақсатында атқарылатын кешенді іс-шаралар

– Әскери ынтымақтастық мәдени байланыс пен спортты дамытуды қарастырады. Осы жөнінде не атқарылып жатыр?

– Айтып өткен бағыттар да қарастырылған. Осыған ұқсас нормалар басқа елдермен жасалған шарттар да бар. Мемлекеттердің қорғаныс ведомстволары армия спорты ауқымында да өзара іс-әрекетті жүзеге асырады. Атап айтқанда, Ресейде, Қазақстанда армияның орталық спорт клубтары бар. Сонымен қоса армия спортты жоғары нәтижелерге қол жеткізетін спорт ретінде ғана емес, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы процессінің, олардың дене даярлығы деңгейінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.

Сонымен қатар мәдени іс-шараларды тұрақты өткізу қарастырылған, бұлар моральдық рухани және патриотизмді нығайтуға бағытталған тәрбие қызметтері. Сол сияқты әскери мұражайлар арасындағы ынтымақтастық дамуда. Бұл жұмыстар Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық жауынгер батырлардың тарихы мен естеліктерін сақтауда зор үлес қосып келеді.

Танктік сайыстар да шартта қамтылған ба?

Армия халықаралық ойындары ресейліктер тарапының бастамасымен өткізіледі. Олар әлемнің көп елдерінде тәжірибе жасауда. Сондай мықты сайыстардың бірі – танк биатлоны. Біз бұл сайысқа қатысуды жауынгерлік даярлықтың, машықтануды арттырудың және тәжірибе алмасудың үдерісі ретінде қарастырамыз.

– Жарысқа қатысушыларды ротациялау мәселелері қарастырылған ба? Еліміздің атынан екі команда шығаруға бола ма?

Командалар, олардың саны, қатысушылар құрамы жоспарлы конференцияларда алдын ала айтылады. Жарыстарға қатысушылар конкурстық негізде іріктелінеді. Сондықтан әр қайсының оған қатысуға мүмкіндігі бар.

Шартта кейбір халықаралық шарт нормаларына, атап айтқанда, әскери білім беру, тасымалдау шеңберінде сілтеу нормалары бар. Осы жөнінде әңгіме өрбітсеңіз.

– Әрине, сілтеу нормалары бар. Бұл кейбір халықаралық шарттарға жүктеме жасамау үшін және басқа құжаттардағы ережелерді қайталамау үшін жасалады. Осындай шарттар жеке бағыттар бойынша бекітіледі.

Атап айтқанда, әскери тасымалдауды ұйымдастыру және іске асыру тәртібі бойынша бізде Ресей Федерациясымен 1995 жылы бекітілген екіжақты келісім бар. Сондай-ақ әскерлерді және басқа да әскери құрамаларды әскери тасымалдау жөнінде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы көпжақты келісім бар.

Бізде ТМД, ҰҚШҰ аясында бірқатар, Ресеймен кадрлар даярлау жөнінде екіжақты негіздегі келісімдер бар.

– Әңгімемізді қорытындылай келе, Қазақстан мен Ресей ведомстволары арасындағы шарттың жалпы қандай жаңашылдығы бар екенін айта өтсеңіз?

– Бәрінен бұрын біз ынтымақтастық бағыттарын толықтырдық. Бітімгершілік, әскери қызмет пен оларды жан-жақты қамтамасыз ету туралы, халықаралық ұйымдар аясында өзара іс-әрекет жасау, тараптардың әскери делегациялардың қатысуы туралы ережелерді қостық. Екі жақты шарттық-құқықтық базаларды әрі қарай жетілдіру жөнінде жұмыстар жалғасатын болады.

Сілтеме: https://radiomm.kz/kzimir/66979/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879874-bejbitsilik-pen-kauipsizdik-sin-yntymaktastyk/