Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі жасөспірім өлімі: Туыстары істі қайта қарауды талап етуде

Жарияланған күні:

Марқұм
Фото: otyrar.kz

Шымкентте жаппай төбелес кезінде комаға түсіп, қаза тапқан Абзал есімді 17 жастағы жасөспірімнің туыстары істі қайта қарауды талап етуді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бозбаланың өліміне қатысты іс бойынша, 11 адам тергеуге алынған.

Олардың алтауы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бабы бойынша, бесеуі "Бұзақылық" бабы бойынша күдіктелуде.

Абзалдың туыстары істің бұл баптарымен келіспей отыр. Себебі, олардың пікірінше, бұл кінәлілерге әділ жазадан құтылуға мүмкіндік береді. Олар істі толықтай "Адам өлтіру" бабымен қарау керек деп санайды.

"Бұл жеңіл баптар. Бұл жігіттер төбелеске бара жатқанын, ұратынын, өлтіретінін білді", - дейді марқұм жас жігіттің ағасы телеарнаға.

Ер адамның айтуынша, қазір абақтыда отырған күдіктілердің бірі Абзалдың туыстарына сол күнгі оқиғалар туралы шындықты айтуға келіскен.

"Ол сол күні төбелеске одан да көп адам қатысқанын айтуда - шамамен 20-25 адам болған дейді. Тергеу біржақты жүргізілді", - дейді Абзалдың ағасы.

Ол сонымен қатар Абзалдың туыстары Ішкі істер министрлігі мен прокуратураға шағым жазғанын, бірақ нәтиже болмағанын айтуда.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының соңында Шымкентте жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болған. Төбелестің салдарынан 17 жасар бала комаға түседі.

Бірнеше аптадан кейін жігіт ауруханада қайтыс болды. Марқұмның ағасы сол кезде айтқандай, жасөспірімнің басын шлакоблокпен ұрған, ал саусақтарында тырнақтары болмапты. Кейіннен қайтыс болған жас жігіттің туыстары шабуыл жасағандардың арасында жергілікті мәслихат депутатының туысы болғанын хабарлады. Бұл ақпаратқа полиция түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879901-symkenttegi-zasspirim-limi-tuystary-isti-kajta-karaudy-talap-etude/