Қазақстанда тағы 108 адамнан коронавирус анықталды
Жарияланған күні:
Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 108 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 202-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазақстанда өткен тәулікте 108 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", – делінген ресми хабарламада.
Аймақтар бойынша:
Алматы қаласында - 14495
Нұр-Сұлтан қаласында - 14247
Атырау облысында - 11178
Қарағанды облысында - 10376
Шығыс Қазақстан облысында - 8976
Батыс Қазақстан облысында - 6903
Алматы облысында - 5008
Солтүстік Қазақстан облысында - 4271
Жамбыл облысында - 4151
Павлодар облысында - 4027
Ақмола облысында - 3550
Қостанай облысында - 3534
Түркістан облысында - 3398
Маңғыстау облысында - 3370
Ақтөбе облысында - 3264.
Осылайша, пандемия басталғалы ел бойынша коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 109 202-ге жеткен.
Еске салсақ, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы жариялады. Оған сәйкес, мегаполистегі шектеу шаралары 2020 жылдың 15 қазанынан бастап күшейтілетіні жайлы жазған едік.
Сонымен қатар Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің өңірдегі коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулерді күшейту туралы қаулысы жарияланған болатын. Құжат 2020 жылдың 16 қазанынан бастап күшіне енеді.
Қауылда өңірде демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмыс істемейтіні, ал таксиде екі жолаушыдан артық отыруға болмайтыны және тағы да басқа шектеулер көрсетілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879904-kazakstanda-tagy-108-adamnan-koronavirus-anyktaldy/