Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде шетелден келгендер жаңа әдіспен бақылауға алынбақ

Жарияланған күні:

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елге шетелден келетін адамдарды бақылауға арналған "Zertteu" жаңа қосымшасын жасап шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, адамдарға коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғанын анонимді хабарлайды.

"Эпидемиологиялық тергеуді жүргізуге "Zertteu" қосымшасы көмектеседі. Бұл нені білдіреді? Бүгін адам елге келгенде құжаттарды қолмен толтырады. Содан кейін бұл ақпарат орталық қадағалаушы органға жіберілуі керек, бұл орган мәліметтерді базаға енгізе бастайды.
Мұның барлығы уақытты қажет етеді және біраз қиындық туғызады. Автоматтандыру үшін біз арнайы мобильді қосымшаны жасадық, келушілерге оны телефонға орнатып алуға ұсынамыз яғни тиісті деректерді электронды форматта беру үшін", - дейді цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

Айта кетейік, ведомство бұған дейін тағы бір қосымшаны - "Saqbol"-ды ұсынған болатын. Бұл қосымша Covid-19 инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен азаматқа онымен соңғы 14 күнде байланыста болған басқа қолданушыларға жасырын түрде ескертуге мүмкіндік береді.

"Мысалы, егер осы кездесуге қатысқандардың біреуімізден коронавирус анықтаса, қалғандардың барлығына анонимді хабарлама келіп түседі, сіз ПТР тестін жасатуыңыз керек, мүмкін сіз жұқтырған адаммен байланыста болған шығарсыз", - деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, соңғы дерек бойынша, елімізде тағы 108 адамнан коронавирус анықталған.

14 қазанда бұл індттен 4 адам қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1879962-setelden-kelgender-zaa-dispen-bakylauga-alynatyn-bolady/