Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың есту мен көру қабілетіне де кері әсері бар болып шықты

Жарияланған күні:

Көз
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбритания мен Қытай ғалымдары коронавирустың есту мен көру қабілетіне де кері әсері барын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы liter.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Британиялық зерттеушілер коронавирус есту жасушаларын бұзады деп санайды, ал Қытайдан келген ғалымдар инфекция көз тіндеріне әсер етуі мүмкін екендігін мәлімдеді деп жазады JAMA Oftalmology.

Есту қабілетін жоғалтқандар оны қайта қалпына келтіре алмауы да мүмкін дейді ғалымдар. Бұрын ғалымдар инфекцияның дәм мен иіс мүшелеріне әсер ететіндігін дәлелдеген болатын. Қазір зерттеушілер вирустың есту мүшелеріне де әсері барын жариялады.

Олар коронавирус жұқтырған науқастардың бірі есту қабілетін жоғалтқаннан кейін осындай қорытындыға келген. Сарапшылар вирус есту мүшелерінің жасушаларына түсіп, олардың өліміне себеп болды деп санайды.

Қазір британиялық дәрігерлер пациенттің есту қабілетін қалпына келтіру үшін барлық күш-жігерін жұмсауда - олар әріптестеріне емделу кезінде пациенттерден есту жағдайы туралы сұрап, қажет болса емдеуді бастауға кеңес береді.

Ухань қаласының зерттеушілері болса, вирус адамды көру қабілетінен айыруы мүмкін деген қорытындыға келді - ғалымдар инфекциядан оңай айыққан әйелдің көз жасушаларының ішінен коронавирус бөлшектерін тапты. Осыдан кейін оның көру қабілеті бұзыла бастаған.

Ауруханадан шыққаннан кейін екі апта өткенде әйелдің сол көзі ауыра бастаған, содан кейін көру қабілеті әлсірей бастапты.

Еске салсақ, бұған дейін біз Жамбыл облысында карантин күшейтілгенін жазған едік.

Одан бөлек, отандық маман коронавирус дертінен айққаннан кейін моншаға түсудің кері әсері бар-жоқтығына қатысты түсініктеме бергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880128-koronavirusty-estu-men-kru-kabiletine-de-keri-seri-bar-bolyp-sykty/