Елімізде өткен тәулікте 80 адам коронавирустан жазылды
Жарияланған күні:
Қазақстанда өткен тәулікте 80 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны белгілі болды. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен жазылғандар саны 105 001-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар бойынша
Қарағанды облысы - 8
Қостанай облысы - 6
Маңғыстау облысы - 43
Павлодар облысы - 18
Түркістан облысы - 5
Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 105001.
Ал елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 104 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 109 406-ға жетіп отыр.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 19
Алматы қаласы - 9
Ақмола облысы - 6
Ақтөбе облысы - 2
Алматы облысы - 7 Атырау облысы - 5
Шығыс Қазақстан облысы - 11
Жамбыл облысы - 1
Батыс Қазақстан облысы - 6
Қарағанды облысы - 9
Қостанай облысы - 5
Маңғыстау облысы - 1
Павлодар облысы - 13
Солтүстік Қазақстан облысы - 9
Түркістан облысы - 1
Еске салсақ, Павлодар облысында карантиндік шектеулер қайтадан күшейтілетіні туралы жазған едік.
Оған қоса, 16 қазаннан бастап Ақмола облысында, 17 қазаннан бастап Шығыс Қазақстан облысында карантин талабы қатаңдатылды.
Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан облысында да карантин шаралары күшейтілді. Бас санитар дәрігерлердің тиісті қаулысы жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880140-elimizde-tken-tulikte-80-adam-koronavirustan-zazyldy/