Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та ер адам Трамптың жақтастарына оқ атты

Опубликовано:

Трамп жақтастары
Фото: Getty Images

АҚШ-тың Мэриленд штатының тұрғыны президент Дональд Трамптың жақтастарына оқ атты деп айыпталып, қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

CBS News телеарнасының мәліметінше, оқиға сенбі күні болған. Нил Хоук ұлымен бірге Трампты қолдауға арналған үлкен баннері бар көлігімен келе жатып, көршісіне сигнал берген. Ер адам ол кезде ауласында "Black Lives Matter" белгісін іліп жатқан екен.

"Ол еңкейіп, қолына мылтығын алып, бізге қаратты. Біз түсінбей қалдық, артынан мылтықтың атылған даусы естілді", – дейді Хоук.

Телеарнаның ақпарынша, оқ атқан азамат 100 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда, жәбірленуші ондай жаза белгіленуін қаламайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенттік сайлауына қатысатын үміткерлер туралы жазған болатынбыз.

Америка Құрама Штаттарының президенттік сайлауына дейін екі апта қалды. Үміткерлер белсенді түрде үгіт-насихат бағдарламаларын жүргізіп, дауыс берушілермен кездесуде. Сайлау 3 қарашада өтеді.

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп пен бұрынғы вице-президент Джозеф Байден сайлаудың негізгі үміткерлері саналып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаның президенттік сайлаудан кейін пайда болатынын жеткізіп, бұған саясатты кінәлаған еді.

Сондай-ақ ол Қытайдың коронавирус инфекциясы таралғаны үшін "жауап беретініне" уәде берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1880708-aks-ta-er-adam-trampty-zaktastaryna-ok-atty/

pixel