Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде 19 жастағы жігіт досының пәтерін екі рет тонап кеткен

Опубликовано:

пәтер кілт1
Көрнекі фото: pixabay.com

Өскеменде жас жігіт бір пәтерге екі рет ұрлыққа түсіп, бағалы заттар мен бір жасар торайды алып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Өскемен қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында аталған іс бойынша айыпталған 19 жастағы жігіт жәбірленуші әйелдің досы болып шыққан. Ол бірнеше уақыт бұрын жолдасының үйінде тұрып, жұмысқа кетіп бара жатқан үй иесі кілтті қайда қалдыратынын білген.

Өскемен Полиция басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратынша, күдікті жәбірленушінң үйінен көшіп кеткен соң осы қылмысқа барған.

Үй иелерінің болмайтынын білген ол пәтерге еш кедергісіз кіріп, бағалы заттарды шығарған. Үшінші рет жігіт бір жасар торайды ұрлап кетіп, оны үшінші біреуге сатқан.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Өскемен қалалық әкімшілігінің Сол жағалау полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 2001 жылы туылған азаматты анықтап, ұстаған.

Еске салсақ, Қызылордада ауыл тұрғындарының қойын ұрлаған барымташының қолға түскенін жазған едік.

Сондай-ақ бүгін Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 25 жастағы ер адам мешіттегі қайырымдылық жәшігін тонап кеткен еді. Тергеу барысында күндіктінің осыған ұқсас бірнеше қылмыс жасағаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1881247-skemende-19-zastagy-zigit-dosyny-pterin-eki-ret-tonap-ketken/

pixel