Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жүздеген жұмысшы мен арнайы техникалар қар тазалауға шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Астана қар
Фото: instagram.com/akimat_nur_sultan

Елордада қалың қар жауды. Қар тазалау жұмыстарына арнайы техникалар мен жүздеген адам жұмылдырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында мәлім болды.⁣

Елорда әкімдігі қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатқанын хабарлап, фото және видеолар жариялады.

"24-ші қазаннан 25-ші қазанға қараған түні елорда қармен көмкерілді. Сол-ақ екен,⁣⁣⠀ "Байқоңыр" ауданы аумағының көшелеріне 107 арнайы техника шығып, тазалау жұмыстарына кірісіп кетті", – делінген әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қала әкімдігі бірінші кезекте орталық көшелер, жаяу жүргіншілер жолы, сонымен қатар аялдамалар мен тротуарлар тазартылғанын атап өтті. Осылайша қардан тазарту, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу жұмыс­тары басталып, оған арнайы техникалар мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды.⁣

Жергілікті тұрғындар да әлеуметтік желілерде қар жамылған елорданың кадрларымен бөлісуде.⁣⠀ ⁣⁣⠀

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" РМК өкілдері 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді. Синоптиктер апта соңында жауын-шашын мол түсетінін болжаған.

Сондай-ақ жақында Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының өзгеруіне байланысты жол апаты жиілейтінін ескертіп, автокөлік иелеріне жазғы шиналарын қысқыға ауыстыруға кеңес берген болатын.

Министрлік күзде және қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін ауа райы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қарап отыруды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1881364-nr-sltanda-zzdegen-zmyssy-men-arnajy-tehnikalar-kar-tazalauga-sykty-foto-video/

pixel