Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күрестен әлемнің күміс жүлдегері балуан қызбен шаңырақ көтерді

Опубликовано:

Нұрқожа Қайпанов пен Марина Седнева
Фото: Instagram/kaz_wrestling_mode

Соңғы тәулікте әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, күрестен әлемнің күміс жүлдегері Нұрқожа Қайпанов Марина Седневамен отау құрған. Қайпановтың жары да - балуан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас жұбайларды Instagram желісіндегі kaz_wrestling mode парақшасы құттықтаған.

"Нұрқожа Қайпанов пен Марина Седневаны шаңырақ көтеріп отырған мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Екі жастың көтерген шаңырағы биік, босағалары берік болсын",- деп жазды парақша.
Нұрқожа Қайпанов пен Марина Седнева
Фото: Instagram/ kaz_wrestling_mode

Айта кетейік, Нұрқожа Аралбекұлы Қайпанов 1998 жылы 21 маусымда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Еркін стильдегі қазақстандық балуан. Солтүстік Қазақстанның намысын қорғайды.

Ол 2018 жылы юниорлар арасында Азия чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде иегері атанды.

2019 жылы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы болды. Ал әлем чемпионатының ақтық сынында ресейлік балуан Давид Баевқа есе жіберді.

Ал Марина Седнева - күрес түрлері бойынша 2019 жылы өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Седнева қола жүлдеге талас үшін Канада өкілі Карла Гонсалеспен кездесті. Отандасымыз кездесуді 7:0 есебімен аяқтады.

Еске салайық, ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор Хабиб Нурмагамедовтың спорттық мансабын аяқтауы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Макгрегор мен Нурмагомедов октагонда 2 жыл бұрын кездескен. Ирландиялық жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуді қайтаруға тырысқан, алайда жекпе-жектің 4-раундында жеңіліс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1881392-kresten-lemni-kmis-zldegeri-baluan-kyzben-sayrak-kterdi/

pixel