Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр етті Қытайға сатуға байланысты қазақстандықтардың наразылығына жауап берді

Опубликовано:

ет
Көрнекі фото: pixabay.com

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ өткен онлайн брифингте қазақстандықтардың елімізден Қытайға жеткізілетін ет көлемінің ұлғаюына байланысты наразылығына жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желілерде азаматтар сіздің министрліктің Қазақстаннан Қытайға ет жеткізуді ұлғайтуға ниетті екендігіне наразы. Азаматтардың пікірінше, бастапқыда етті ішкі нарықта сату мәселесін шешу қажет, өйткені ет бағасы өсті. Ал кейбір аймақтарда, мысалы Атырау облысында тапшылық бар", - деп журналистер министрге сауал қойды.

Сұлтанов Қазақстан етпен өзін толығымен қамтамасыз етіп отырғанын айтты.

"Егер экспорт туралы айтар болсақ, кез келген өнім үшін алдымен ішкі тұтынуды қамтамасыз ету керек, содан кейін экспортқа сату керек, экономикалық саясат осылай құрылады. Ет бойынша біз өзімізді толықтай қамтамасыз етіп отырмыз, ішкі нарық қамтамасыз етілген", - деді Сұлтанов.

Министр Қазақстанда 1 келі етті 2,5 - 5 доллар яғни 1070 - 2140 теңге аралығында сатуға болатынын айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысы Қарабұлақ ауылында орналасқан Қазақстандағы ең ірі мал базарларының бірі жабылып қалғанын жазған едік.

Тараздық кәсіпкер Ержан Тоғысбектің айтуынша, мұндай жағдайда ет бағасының өсіп кетуі әбден мүмкін. Мұның себебі - адамдар негізгі нарықта малды арзан бағамен сатып ала алмайды.

Сонымен қатар мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров министрлер кабинетіне қазақстандық өнімді сатып алу үшін арнайы купондар немесе төлем карталарын беру тәжірибесіне оралуды ұсынған болатын.

Оның мұндай ұсынысына азық-түлік бағасының тез әрі негізсіз өсуі түрткі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1881488-ministr-etti-kytajga-satuga-bajlanysty-kazakstandyktardy-narazylygyna-zauap-berdi/

pixel