Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мусин интернет нашар болғаны үшін операторларға айыппұл салуды ұсынды

Жарияланған күні:

Аналитика
Көрнекі фото: piqsels.com

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі ОКҚ-де өткен онлайн брифингте Қазақстанда нашар интернет үшін байланыс операторларына ірі көлемде айыппұл салу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Мусин қазіргі кезде интернеттің сапасына нақты талаптар қойылмайтынын айтты. Реттеушінің қолын қысқартатын жағдай – ол байланыс сапасын жақсарту үшін ештеңе істей алмайтындығы.

Интернеттің қандай жағдайда екендігі туралы аналитиканың болмауы жағдайды күрделендіре түседі.

Бұл мәселені шешу үшін "Байланыс бар" қоғамдық бақылау қызметі іске қосылды. Бір түймені басу арқылы кез келген пайдаланушы Интернет жылдамдығы туралы мәліметтерді министрліктің мәліметтер базасына тіркей алады.

"Бұл белгілі бір аймақтағы деректерді берудің координаттары мен жылдамдығын көрсетеді. Осы деректердің барлығын жинақтай отырып, біз республикада сигналдың әлсіз қамтылған жағдайлары мен аймақтарын байқай аламыз. Яғни, менің айтайын дегенім, егер бұл халықтық бақылау қызметі кең таралған болса және біз барлық сигналдарды жазатын болсақ, онда бақылаушыларымызды қайда жіберетінімізді білетін боламыз. Ал олардың әлсіз сигналды арнайы өлшеу құралдарымен түзетуге және белгілі бір айыппұлдарды жазуға құқығы мен өкілеттігі бар. Бұл бізге қазақстандықтардың шағымдарына жауап беруге және проблемаларды жою бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді", – деді ол.

Сондай-ақ, нашар интернет үшін ұялы байланыс операторларына салынатын айыппұл мөлшерін көбейту ұсынылады.

"Белгілі бір провайдерлердің немесе белгілі бір операторлардың қызметтерін ұсынатын интернеттің сапасына сәйкес біз сапа параметрлерін қоямыз, ал сапа параметрлеріне сәйкес келмейтіндер айыппұл төлейді. Айыппұлдар қазіргідей 100 АЕК (277 800 теңге – ред.) болмайды, бірнеше есе өседі", – деп қосты Мусин.

Еске салсақ, Бағдат Мусин ақпараттық қауіпсіздік комитетінің Қазақстанда енгізуге ұсынылған бірнеше бастамаларын айтты. Олардың арасында жеке деректерді ұмыттыру және қайтарып алу құқығы бар.

Оған қоса, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде авторы неміс дәрігері ПТР-тесттерге арналған зондтарды тексеріп, олардан металл қапсырмаларды тапты деп мәлімдеген жалған ақпарат белсенді түрде тарап жатыр. Кейбір қолданушылардың айтуынша, олар жұтқыншақта қалады және 5G сигналын қабылдайды, сол арқылы олар адам ақылын басқара алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882163-musin-internet-nasar-bolgany-sin-operatorlarga-ajyppl-saludy-syndy/