Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жер сілкінісінің салдары бейнеленген видеолар пайда болды

Опубликовано:

Түркия жер сілкінісі 2
Фото: "Раньше всех" telegram-арнасы

Жойқын жер сілкінісінен туындаған цунами Түркияның Измир қаласындағы үйлерді қиратты. Оқиға орнынан алғашқы кадрлар пайда болды.

Табиғи апаттың салдары бейнеленген видеороликтер "Раньше всех" telegram-арнасында жарияланды.

Кадрлардан Измир көшелерін су басқанын, жиһаздардың, үйдің қирандылары мен өзге де заттардың сумен ағып бара жатқанын көруге болады.

Сонымен қатар, Life Shot telegram-арнасы Түркияның құтқару қызметіне сілтеме жасай отырып, цунами мен мен жер сілкінісінен кемінде төрт адам қаза тапқанын мәлім етті. Тағы 120 адам түрлі жарақат алған.

Айта кетейік, бұған дейін Грекия мен Түркияда жойқын жер сілкінісі болғанын хабарлағанбыз.

Грекияның Самос аралында жер сілкінісі болды. Афина университетінің сейсмикалық зертханасы магнитудасы 6,8 баллды тіркеді.

Зертхананың мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Самостың солтүстік-батысында 24 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісі 10 секундқа созылған. Салдарынан бірнеше ғимарат қирап қалған.

Жер асты дүмпуі Афинада да байқалғаны хабарланды. Карловасидағы Богородица шіркеуінің бір бөлігі де қирап қалған.

Сондай-ақ жер сілкінісін түркиялықтар да сезген. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Сеферихисар қаласының маңында. Измир аумағында да опырылған ғимараттар тіркелгені хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1882415-trkiadagy-zer-silkinisini-saldary-bejnelengen-videolar-pajda-boldy/

pixel