Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО әкімі аппаратының қызметкері пара алды деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Солтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс әкімі аппаратының қызметкеріне қатысты пара алу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті - "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" КММ басқармаларының бірінің басшысы міндетін атқарушысы.

Лауазымды тұлға тиісті шарттары бұрын орындалып қойған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан ақшалай пара алу күдігіне ілінді.

Параның сомасы 900 мың теңге шамасында. Істің қалған мән-жайы тергеу мүддесіне орай әзірге жария етілген жоқ. Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу әрекеттерін жүргізу нәтижелері бойынша қабылданатын болады.

Айта кетейік, "Тұрғын үй жөндеу – Тараз" ЖШС директоры 1,5 млн теңге пара алғаны үшін 45 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті.

"21 қазанда Тараз қаласы №2 сотының үкімімен "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 10 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жедел аударғаны үшін компания директорынан 1,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінген "Тұрғын үй жөндеу – Тараз" ЖШС директоры (мемлекеттің 100% үлесі, құрылтайшысы – Тараз қаласы әкімдігі) С.Ж. Мырзалиев параның отыз еселенген сомасы, яғни 45 млн теңге мөлшеріндегі айыппұл төлеу жазасына тартылды", – деді Данияр Биғайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингіде.

Айта кетейік, екі апта ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бұрын аяқталған қылмыстық істер бойынша 23 адамға қатысты 17 айыптау үкімі шығарылды, олардың 15-і әртүрлі деңгейдегі басшылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882447-sko-kimi-apparatyny-kyzmetkerine-para-aldy-degen-kdikke-ilindi/