Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұрны сынып, басы жарылған": Ауыр қылмыс Қостанай облысының тұрғындарын шошытты

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Александр Ладуданың Вконтакте желісіндегі жеке парақшасы

28 қазанға қараған түні Қостанай облысының Киров ауылында 24 жастағы Александр Ладудты өлтіріп кетті. Оның әпкесі қайғылы жағдай туралы сөз қозғады. Тергеу барысы жайлы да облыстық полиция департаменті түсініктеме беруді ұмытқан жоқ деп жазады Костанайские новости.

Валентина Скачкованың айтуынша, анасы мен бауыры Киров ауылында тұрған.

Ол істе шикілік бар екенін, жанұясы көп нәрсені түсінбегенін жеткізді.

Қайтыс болғанға дейін Александрдың кездесуге орманға барғаны белгілі болды.

Әйелдің сөзінше, бауырын әлдекім сонда бопсалағысы келген.

Ол ешкім білмейтін ақпаратты да білуі мүмкін дейді әпкесі.

Сол түні, Валентинаның сөзінше, бауырын жанжалдасқан адам асханаға шақырған. Саша ештеңеден қорықпай, келіскен жерге барыпты.

Әйел сол маңда бірден төбелес басталып кетті деп болжап отыр. Ал марқұмның өлімін мойнына алған жігіт, Сашаны қолмен ұрғанын айтқан.

"Бірақ біз оны бірнеше адам өлтіргісі келді деп санаймыз. Біз дәлел болсын деген мақсатпен оның жансыз денесін суретке түсіріп алғанбыз. Кадрдан мұрнының сынғанын бас сүйегінің жарылғанын, қолының ашық түрде сынғанын, пышақ жарақаттарының болуын байқау қиын емес", - дейді жәбірленушінің әпкесі.

Осы орайда марқұмның жақындары объективті тергеу жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Ал Қостанай облысының полиция департаменті кәсіпорын асханасында басынан жабық жарақат пен пышақ жарақаттарын алған адам денесінің табылғанын мәлім етті.

Тергеу "Кісі өлтіру" бабы бойынша жүргізілуде. Қылмыс жасады деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, қамауға алынған. Оның бұрын сотталғаны анықталды.

Еске сала кетсек, Павлодарда балалар алаңында адам өлтірді деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлаған едік. Тәртіп сақшылары бұрын сотталған 30 жастағы жігітті қамауға алған.

Сонымен қатар Павлодарда ер адам суретке түсіруден бас тартқан көршісін ұрып тастағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883196-mrny-synyp-basy-zarylgan-auyr-kylmys-kostanaj-oblysyny-trgyndaryn-sosytty/