Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда өрттен бір отбасының үш мүшесі қайтыс болды

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Көрнекі фото: NUR.KZ

Таразда өрт сөндіру кезінде жекеменшік үйлердің бірінен үш адамның денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құтқарушылардың дерегіне сүйенсек, қаза тапқандар 84, 60 және 40 жастағы тұрғындар екен. Алдын ала болжам бойынша зейнеткер мен баласы өрт кезінде ауаға бөлінген газға уланып қалған.

Үйге жақын жерде орналасқан жазғы ас үйде тұратын немересі оларды құтқаруға тырысқан, алайда ол да уланып, қайтыс болған.

Өрт сөндірушілерге өрт туралы хабарлама түнгі 03.26-да түскен. Оқиға орнына 21 қызметкер мен 5 арнайы техника жіберілген. Өрт таңғы сағат 4.24-те толығымен сөндірілген.

Еске салсақ, 5 қарашаға қараған түні Өскемен қаласында екіпәтерлі үйден өрт шықты. Үйді шарпыған жалыннан қонақ бөлмедегі жиһаз, түсқағаз, төбе, үй иесінің жеке заттары мен тұрмыстық техника жанып кеткен. Өрт сөндірушілер 15 шаршы метрдегі өртті ауыздықтады. Анықталғандай, өрт сөнбей қалған темекі тұқылынан шыққан.

Сондай-ақ Алматы қаласында зоотауарлар дүкенінде өрт шығып, 57 жастағы әйел адамның тоққа түсіп қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Оқиға орнынан дүкенге көрші тұратын тұрғын жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілген. Өрт сағат 19.28-де толықтай сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ – 400 шаршы метр.

Оқиға болған орыннан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1883353-tarazda-er-adam-tuystaryn-ktkaramyn-dep-kaza-boldy/

pixel