Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бетін тұмшалап, паранджа киген: Оралда 15 жастағы қыз тұрмысқа шықты

Жарияланған күні:

Фото
Фото: instagram.com/police_department_of_burlin

Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы қыз бала тұрмысқа шықты. Неке мешіт қызметкерлері, имамдар және кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің қатысуынсыз қиылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Бөрілі ауданының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомсто таратқан ақпаратқа сәйкес, 16 қыркүйек күні Бөрілі ауданының полиция департаментіне кәмелет жасқа толмаған қыз баланың жоғалуы туралы өтініш түскен.

Тәртіп сақшылары оны Орал қаласынан табады.

Кейінірек қыз баланың дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын азаматпен шариғат заңы бойынша заңсыз некеге отырғаны анықталған.

Сонымен қатар, ер адамның 2005 жылы өмірге келген жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені де белгілі болды.

Полиция мәліметінше, қыз бала қара түсті паранджа киіп, бетін толығымен жауып, барлық отбасы мүшелерімен араласпауға тырысқан.

"Ер адамға қылмыстық кодекстің 122-бабы "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер" бойынша қылмыстық жауапқа тарту қаупі төніп тұр", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сүйіктісімен алғаш кездескен сәтінде оған ұсыныс жасайтынынан мүлде хабарсыз болған Шотландия тұрғынының ыңғайсыз жағдайда қалып қойғанын хабарлаған едік.

Алғашқы романтикалық кездесуге барған Стивен Дюран ғашығына кенеттен ұсыныс жасайтынынан мүлде хабарсыз болған.

Даяшы қос ғашыққа шарап пен тәтті ұсынады. Тәтті салынған табақша "Сіз маған тұрмысқа шығасыз ба?" деген жазумен безендірілген екен. Кейін бұны ер адамның досы әзілдеп жасағаны белгілі болды.

Одан бөлек, тойда қонақтарды "чипсымен қатырған" жас жұбайлар сынға қалғанын жазған болатынбыз. Бұл жайт Ұлыбритания елінде орын алғаннан кейін желіде қызу пікірталас тудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883471-betin-tmsalap-parandza-kigen-oralda-15-zastagy-kyz-trmyska-sykty/