Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі ресейлік сатирик өмірден өтті

Опубликовано:

Фото
Фото: Artyom Geodakyan\TASS via Getty Images

Михаил Жванецкий қайтыс болды. Ол 86 жаста еді. Марқұмның неден қайтыс болғаны әлі белгісіз деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Белгілі сатирик Михаил Жванецкий 86 жасында Мәскеу қаласында қайтыс болды.

Қайғылы хабарды әнші Алла Пугачева Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

Өнер иесі Жванецкийдің өлімін орны толмас қаза деп атап өтті.

"Сен бізді тастап кеттің. Орны толмас қаза. Досым менің, сен мәңгілікке жадымыздасың. Әрдайым менің жүрегімдесің", - деп жазды Ресейдің халық әртісі.

Ресейдің әйгілі сатиригі осы көктемде концерттік қызметінен зейнетке шыққан еді. Сол уақытта ол әрекетін коронавирус инфекциясымен байланысты деп түсіндірген.

Айта кетейік, Михаил Жванецкий - сатирик-жазушы және өзінің әдеби шығармаларын орындаушы, сценарист, тележүргізуші, актер.

Айта кетсек, өткен айда Қазақстанның мәжіліс депутаты Глеб Щегельский өмірден өтті. Ақпаратты парламент төменгі палатасының баспасөз қызметі растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1883478-belgili-resejlik-satirik-mirden-tti/

pixel