Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы "Достық Плаза" сауда орталығынан өрт шықты (фото)

Опубликовано:

Достық плаза
Фото: tsdservice.kz

10 қараша күні Алматыдағы "Достық Плаза" сауда орталығынан өрт шығып, қызыл жалын 24 минуттың ішінде толықтай сөндірілген. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Instagram парақшасында хабарлады.

ТЖД күштері мен құралдары сағат 06:36-да оқиға орнына аттанған.

"Газ-түтiннен қорғау қызметiнiң барлауымен тепловизордың көмегi арқылы ғимарат қоймасында өрттiң ошағы табылды. Қабылданған шаралар бойынша өрт 24 минуттың iшiнде сөндipiлiп, 07 сағат 21 минутта толықтай жойылды", - деп хабарлады ТЖД.

Өрттің сауда орталығына жақын маңдағы сауда нүктелеріне таралуына жол берілмеген.

Ғимаратта өрт сөндіру мен түтін жою жүйелері автоматты түрде қосылғандықтан, бұл өз кезегінде өрттің таралуын шектеуге мүмкіндік берген.

Оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысының Федоров аудандық ауруханасынан өрт шыққанын хабарлаған едік.

Оқиға орнында 6 өрт сөндіру техникасы жұмыс істеген. Облыс орталығынан 3 арнайы техника жұмылдырылған. Сондай-ақ 50-ден астам пациент эвакуацияланған.

Сонымен қатар 8 қараша күні Алматының тау бөктерінде өрт шығып, оны сөндіруге отыздан аса маман жұмылдырылған болатын.

Қызыл жалынды жылдам сөндіруге тау бөктеріндегі жүріп тұруға қолайсыз жер, солтүстік-батыстан соққан күшті жел кедергісін жасаған.

Дегенмен өрт сөндірушілер тілсіз жауды түнгі 21:00 шамасында толықтай ауыздықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1883864-almatydagy-dostyk-plaza-sauda-ortalygynan-rt-sykty-foto/

pixel