Жанболат Ағаділдің өлімі: Куәгер оқиғаның мән-жайын айтты
Жарияланған күні:
Марқұм белсенді Дулат Ағаділдің ұлы 10 қараша күні Нұр-Сұлтанда өлі күйінде табылды. 17 жастағы жасөспірім жаппай төбелес кезінде қайтыс болған. Қайғылы оқиғаның кездейсоқ куәгеріне айналған Нұр-Сұлтан тұрғыны болған жайттың егжей-тегжейін айтып берді.
Елорда полициясы мәлімдегендей, жедел жәрдем келгенше 17 жастағы Жанболат Ағаділов пышақ жарақатынан қайтыс болған. Жасөспірім жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған.
Құқық қорғау органдары бірнеше күдіктіні ұстаған, қалғандары қазір іздеуде. Бұл оқиғаға қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Кісі өлтіру" және "Бұзақылық". Төбелес кезінде тағы бір жігіт жарақат алғаны хабарланды, ол ауруханаға түскен.
Қайғылы оқиға болған елорданың Көктал маңының тұрғындары бұл жайттың кездейсоқ куәгері болған.
"Астана" телеарнасының тілшілері жедел жәрдем шақырған Алма есімді елорда тұрғынымен сөйлесті. Әйелдің айтуынша, ол моншадан үйіне қайтып келе жатып, көптеген жасөспірімді көрген.
Жастар одан көмек сұрап, "шабуыл" жасалғаны туралы айтқан.
"08-аймақтың Мерседес "Қабан" көлігі болғанын айтты. Екі көлік болды. Оқиға орнында шамамен 6-7 жігіт болды. Мен жүгіріп келдім, олар менен көмек сұрады. Олар "пышақ жарақаты, көмектесіңдер" деп айқайлап жатты. Мен жасөспірімнің күретамырын тексердім, балалар оны қалай пышақтағанын өздері де білмеді, олар шошып кетті", - дейді оқиға куәгері.
Естеріңізге сала кетейік, Жанболаттың әкесі, азаматтық белсенді Дулат Ағаділ осы жылдың ақпан айында елордадағы тергеу абақтысында қайтыс болған еді.
Кейін анықталғандай, ер адамның өліміне миокард инфарктісі себеп болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1884244-dulat-agadildi-lyn-ltiru-kugerler-korkynysty-kndi-eske-aldy/