"Қараусыз қалған": Сәтбаев қаласында 6 жастағы қыз баланы иттер талап өлтірді
Опубликовано:
Сәтбаев қаласының саяжай массивінде кішкентай қыз бала ересектердің қарауынсыз ойнап жүргенде баланы иттер талап тастаған. Алған жарақаттардан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
15 қараша күні 17:00 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөлімшесіне жедел жәрдем қызметкерлерінің тарапынан 6 жастағы бүлдіршіннің өлімі туралы хабарлама түскен.
Бұл – қаладағы саяжай қауымдастықтарының бірінде болған оқиға. Медицина қызметкерлері қыз баланың денесінен иттердің тістеген іздерін тапқан.
Оқиға орнына жедел тергеу тобы жетті. Тәртіп сақшылары жазатайым қайтыс болған бүлдіршіннің саяжай қауымдастығында ата-анасымен бірге тұрғанын анықтады.
Белгілі болғандай, үлкендердің қарауынсыз үйде жалғыз қалған жеткіншек иттердің қоршауына түсіп қалған.
"Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар бекітілді. Себеп-салдары анықталуда. Полиция қызметкерлері ата-анасын жауапқа тарту мәселесін қарастырып жатыр. Иттерді құрықтау бойынша тиісті ветеринарлық қызметке мәлімдеме жіберілді", – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1884751-karausyz-kalgan-stbaev-kalasynda-6-zastagy-kyz-balany-itter-talap-ltirdi/