Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Маск әлемнің ең бай адамдары тізімінде үшінші орыннан көрінді

Опубликовано:

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Mike Windle/Getty Images for Vanity Fair

Кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск жер бетіндегі үшінші ең бай адам атанды. Оның Tesla компаниясы S&P 500 индексіне қосылатындықтан Маск Марк Цукербергті басып озған деп хабарлайды Bloomberg.

Дүйсенбі, 16 қарашада Tesla компаниясының акциялары сауда-саттық аяқталғаннан кейін 15%-ға өскен. Ал 17 қарашада акциялар 8,2%-ға өсіп, нәтижесінде Масктың байлығы 7,6 млрд долларға артып, 109,7 миллиард долларға жетті.

Оның байлығы биыл 82,2 миллиард долларға өсті және бұл әлемдегі ең бай 500 адамның ең үлкен өсімі.

Tesla S&P 500 индексіне 21 желтоқсанда кіріп, топтың тарихындағы ең ірі жаңа компания болмақ. Енді Илон Маск жер бетінің ең бай адамдары тізімінде Билл Гейтс пен Джефф Безостан кейін тұр.

Еске сала кетсек, бұған дейін өнертапқыш Илон Маск миды чиптеу жобасының барысымен бөліскен еді.

Ютубтағы онлайн трансляция кезінде миллиардер миына чип енгізілген доңызды көпшілікке көрсеткен. Құрылғының көлемі тиындай ғана, диаметрі небәрі 8 миллиметр.

Доңыз бір затты иіскегенде құрылғы белгі беріп, тұмсығы тиген сайын ми имплантында импульстер тіркеліп отырады екен.

Өнертапқыштардың айтуынша, бұл болашақта адамның күрделі неврологиялық ауруларын емдеуге мүмкіндік береді.

2016 жылы Илон Маск негізін қалаған "Нейралинк" компаниясы миды чиптеу жобасымен айналысып жүр. Миллиардер құрылғыны адам миына орналастыруға биыл рұқсат алуды көздейді.  

Айта кетейік, биыл қаңтар айында Илон Масктың алтыншы баласы дүниеге келгенін де жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1885336-ilon-mask-lemni-e-baj-adamdary-tiziminde-sinsi-orynnan-krindi/

pixel