Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте карантиндік шектеулер 7 желтоқсанға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шаралары 7 желтоқсанға дейін ұзартылды деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайтының Telegram-арнасы.

Әбдіманап Төлебаев, Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың жаңа қаулысына сәйкес, шектеу шаралары 2020 жылғы 23 қарашадан 7 желтоқсанға дейін ұзартылады.

  • Ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтандыру объектілерінің және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, спорт-барлар, асханалар), оның ішінде сауда-ойын-сауық кешендерінің ішінде орналасқан нысандардың қызметі жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден бастап 23:00-ге дейін шектеледі.
  • Келушілерге қызмет көрсетпейтін жұмыс орындары әдеттегідей жұмыс істей береді.
  • Салтанатты, еске алу іс-шараларын (банкеттер, тойлар, еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, беташар және т.б.) өткізуге тыйым салынады.
  • Фудкорттардың, банкет залдарының жұмысына, қоғамдық тамақтану объектілерінде кальян қолдануға тыйым салынады.
  • АЖБ бекеттері, АЖБ бекетіндегі дүкендер, авто қосалқы бөлшектер дүкендері, АВТО-экспресс (тамақты сыртқа шығару), автожуу, шиномонтаждау, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы жөндеу объектілері, химиялық тазалау, кір жуу, телефондар мен компьютерлерді жөндеу жұмыстары қалыпты режимде жұмыс жасай береді.
  • 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс істей алмайды. Бұл ретте жеткізуді немесе шығару режимінде жұмыс істейтін қоғамдық тамақтандыру объектілері қалыпты режимде жұмыс істейді.
  • Қоғамдық көлік жұмыс күндері, мереке және демалыс күндері 7:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Бұл жағдайда жолаушылар маска киіп, автобус толымдылығы бақылауда болуы қажет.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада шектеу шаралары қандай жағдайда күшейтілетінін айтқан болатын

Ол коронавирустың ықтимал жаңа толқынына жол бермеу үшін кәсіпкерлерге қатысты қатаңдату шаралары қабылдануы мүмкін екендігін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885721-symkentte-karantindik-sekteuler-7-zeltoksanga-dejin-zartyldy/

pixel