RU

Ақмолада әкімдік жүргізушісі қызметтік көлікпен мектеп оқушысын қағып өлтірді

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақмола облысында аудан әкімдігі бөлімінің жүргізушісі жетінші сынып оқушысын қағып кетті. Оқиға өткен жексенбіде болған, азамат қызметтік көлікпен келе жатқан. Оқиғаны Аршалы ауданы әкімдігі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты 22 қараша күні кешкі сағат 18:00 шамасында Ишимское және Аршалы ауылы арасындағы жолда болған. Аршалы ауданы әкімдігі құрылыс бөлімінің жүргізушісі Daewoo Nexia қызметтік көлігіме Ишимское ауылындағы үйіне қайтып келе жатқан. Осы уақытта жолда үш жасөспірім жүрген, олардың ішінде жетінші сынып оқушысы да бар.

Көлік жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті. Жасөсіпірім алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ведомство жүргізушінің ішпегенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта 1993 жылы туған азамат ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ол әкімдікте 2018 жылдан бастап жұмыс істейді. Оқиғаның анық-қанығын полиция анықтайды. Сондай-ақ, марқұм оқушыны тек анасы тәрбиелегені белгілі болды. Ол қандай да бір шағым айтудан бас тартып, жерлеу рәсімін ұйымдастырумен айналысуды сұрады. Жасөспірім достарымен бірге металл жинап, сатумен айналысқан. Қазіргі уақытта жол апатына қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, синоптиктер Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ауа райын болжаушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, 23 қараша күні Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Осындай жағдай Нұр-Сұлтан қаласында да орын алмақ. Мамандар ауа райы болжамының дәлдігі 85-90 пайызды құрайды деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885934-akmolada-kimdik-zrgizusisi-kyzmettik-klikpen-mektep-okusysyn-kagyp-ltirdi/