Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біреуі ғана қалды: Екібастұздағы көлде аққуларды атып кеткен (видео)

Опубликовано:

Аққу
Фото: instagram.com/bezdomnye_zhivotnye_ekb

Екібастұзда көлдегі аққуларға үй-күйсіз жануарларға көмек көрсетумен айналысатын еріктілер бақылап жүрген. Жақында белсенділер он аққудың тек бірі ғана аман екенін біліпті. Анықталғандай, белгісіз біреу пневматикалық қарудан барлық құсты атқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еріктілер өз Instagram парақшасында көлде 10 аққу өмір сүргенін, олардың екеуі үлкен, ал қалғандары кішкентай екенін көрсеткен. Көлге адамдар келіп, құстарды тамақтандырып жүрген, алайда оларды аулайтын адамдар да табылыпты. Белсенділер түнде құстарды атып, денесін алып кеткен азамат туралы айтты. Ақырында аңшы жаралап үлгерген бір аққу қалған. Оны белсенділер алып кетіп, уақытша қарайлайтын жер іздей бастаған.

Ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекеме оқиға орнына шыққанын хабарлады. Аққуды уақытша қарайтын жер де табылды. Полиция қазір тексеруді бастап кетті.

"Аталған факт Екібастұз қаласы полиция басқармасында тіркелді. Аққуларды заңсыз аулауға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша шаралар басталып кетті", - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінде.

Аққулар отбасы тұрған көл Ащыкөл деп аталады. Ол Екібастұзға жақын маңда орналасқан.

Айта кетейік, Атырау облысы Құрманғазы ауданында орналасқан ауыл тұрғындары өзекті мәселелерін көтеріп, жанайқайын жеткізді. Олардың сөзінше, тиісті шараларды қабылдамаса, Азғыр өңіріндегі ауылды құм басып қалуы мүмкін.

Аудан орталығынан 600 шақырым қашықта жатқан Үштағанда 145 үйде 712 адам тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1886225-bireui-gana-kaldy-ekibastzdagy-klde-akkulardy-atyp-ketken-video/

pixel